/**/

ҚАУІПСІЗДІК ӨМІР САЛТЫ ІСПЕТТІ

ҚАУІПСІЗДІК ӨМІР САЛТЫ ІСПЕТТІ

2016 жылдың 24 маусымында Арысқұм кенішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау айлығының шеңберінде «ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» конкурсы болып өтті. Конкурстың өткізілуі қызғылықты оқиғаға айналды, оның барысында әрбір цех қауіпсіздіктің өндірістегі ең бірінші кезектегі міндет екендігін дәлелдеп шығуға ұмтылды. Бұл міндет жұмыс орындарында, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның бүкіл ұжымы мен оның мердігер ұйымдарының біріккен күш-жігерлерінің арқасында құралып-қалыптасады.

Іс-шараға әрқайсысы 4 адамнан құралған 5 команда атсалысты, олар мыналар: МДАЦ, Құмкөл кеніші  (Мирамбеков Әлімжан, Игенов Жұбаныш, Айтқұлов Рауан, Самгунов Нұрлан); Технологиялық бөлім, Құмкөл (Шермаханов Сәбит, Асанов Нұрлан, Қилыбаев Алмат, Қалтаев Абай);  МГӨЦ, Құмкөл кеніші  (Көпербаев Рүстем, Әбдісадықов Талғат, Омаров Алтынбек, Досманов Шазатхан); ГПЖЦ-ның газ шаруашылығы, ҚАМ кеніштері (Құлмаханов Фарид, Кемалов Еркін, Оспанов Рахманберді, Иманбеков Ержан); Коллекторлық жүйелер, ҚАМ кеніштері (Бейісов Азамат, Әбдіразақов Руслан, Бекмамбетов Родислав, Асқар Ербол).

Қатысушылардың білімдері мен ыждағаттылықтарын әділ қазылар алқасы бағалады, оның құрамына мыналар енді:

Цинь Хунвэй, басқарма төрағасы;

Шан Вэйчжун, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық жетекші;

Әділ Беклиев – басқарма төрағасының еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары;

Брюс Андерсон – өндіріс жөніндегі директор;

Торыбай Ізтілеуов – ЕқжЕҚ бөлімінің бастығы;

Руслан Молдашев – Қызылорда газдан құтқару қызметі бөлімшесінің командирі;

Бекбол Сыздықбаев – кәсіподақ комитетінің өкілі;

Талғат Пазылбеков – Интертич өкілі.

Іс-шараны «ПҚҚР» АҚ-ның басқарма төрағасы Цинь Хунвэй мырза ашып берді. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы басшылығының атынан ол компанияның өндірістік бөлімшелері арасында «ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» атағын алу үшін жыл сайын өткізіліп тұратын конкурстың барлық қатысушыларымен сәлемдесіп, компаниядағы маңызды рольдің ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі «Қорғау» жобасы бойынша атқарылатын жұмыстарға көңіл бөліп отырумен тығыз байланысты екендігін атап өтті, ол қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға және жергілікті жерлердегі желілік басшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.   

ҚЕҚОҚ айлығы шеңберінде биыл өткізіліп отырған осы конкурс елеулі де жауапты жұмыстың тағы да бір айғағы болып табылады.   

Сондай-ақ ол мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеп кетуі биылғы жылдың басты қиындықтарының бірі болып қала беретіндігін де айтып өтті. Бірақ, дағдарысты кезеңнің күрделілігіне қарамастан, компания жұмыс орындарының және қызметкерлердің жалақысының қысқаруына жол берген жоқ. Бұған қоса, компания Әкімшілігі мен Кәсіподақ комитеті арасында жүргізілген келіссөздердің табысты нәтижесі деп компания қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа Ұжымдық шартқа бірлескен қол қоюды атап көрсеткен жөн.   Цинь Хунвэй  мырза түсіністік танытып, бұл жұмыста көрсеткен жәрдемі үшін, сол сияқты компания игілігі жолында қажырлы еңбек еткені үшін бүкіл ұжымға алғысын білдіріп, барша қауымға денсаулық пен табыс, ал өз ұжымдарының атынан шыққан командаларға жарыстарда сәттілік тіледі.

Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын сақтаудың маңыздылығы мен өзектілігі жайлы шығып сөйлеген басқарма төрағасының ҚЕҚОҚ жөніндегі орынбасары Әділ Беклиев те атап өтті. Ол еңбекті қорғаудың әрбір адамның өз қауіпсіздігіне саналы көзқарас танытатындығынан басталатынын баса айтты. Конкурстың мақсаты еңбекті қорғаудың жай-күйі бойынша – үздік шыққан, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жинақталған білімдер мен дағдылар бойынша үздік шыққан бөлімшені анықтау еді. Өз сөзінде ол барлық қатысушыларға табыстар мен сәттіліктер тіледі!

Конкурс бес турдан құралды. «Шумақты ұран» деп аталатын бірінші турда тақырыптық сипаттағы слогандар мен девиздер ортаға салынды. Практикалық «Әуе-тыныс алу аппараты»  2-ші туры әуе-тыныс алу аппаратын кию мен шешуді дұрыс әрі жылдам атқаруды пысықтауға арналды, оған әрбір командадан оның бір мүшесі қатысты. Аталған турда тәуір практикалық дағдыларды «ҚАМ ГПЖЦ» командасының өкілі көрсете білді.

Теория жүзінде өткізілген 3-ші тур өнеркәсіптік қауіпсіздік, ЕҚжЕҚ және «Қорғау» жобасы бойынша қойылған 20 сауалды қамтыды. Бұл турда «Құмкөл МДАЦ» және «ҚАМ коллекторлық жүйелері» командалары дараланды.

4-ші «Қауіпсіздік бойынша байланыс жасау» турында әрбір командаға жұмыстар жүргізу кезінде жол берілген кемшіліктер бейнеленген фотосуреттер ұсынылды. Тапсырманың негізгі шарты – қауіпсіздік бойынша жол берілген кемшіліктерді көбірек табу болатын. Командалардың барлығы да тең нәтиже көрсетті, білімдерінің жоғары деңгейде екендігін танытты, бірдей ұпайлар жинады, сөйтіп, тапсырманы тамаша орындап шықты.

«Көмектес» деп аталатын 5-ші турда оқиға мен болуы ықтимал жарақаттанулар сипатталған іс жүзіндегі тапсырма берілді. Конкурсқа қатысушылар үшін дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрнекі түрде паш ету және дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсету бойынша атқарылатын іс-қимылдарды бейнелеу қажет еді. Аталған турда үш команда – ҚАМ коллекторлық жүйелері, ҚАМ ГПЖЦ және Құмкөл МДАЦ командалары өзгелерден үздік шықты. 

Қорытындысында, бес турдың нәтижелері бойынша «ҚАМ кенішінің коллекторлық жүйелері» командасы неғұрлым көп ұпай санына ие болып, бірінші орын алды. Екінші орынды «Құмкөл МДАЦ» командасы иеленді, үшінші орын Құмкөл кенішінің «Технологиялық топ» командасына бұйырды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Табыс – бұл командалық жұмыстың нәтижесі екендігін атап өткен абзал, оны негізгі цехтардың барлық командалары паш етті. 

«ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» конкурсы жыл сайын өткізіліп, бұл конкурс әрбір қызметкер үшін тәуір ынталандыру болып табылып, қызметкерді ҚЕҚОҚ мәселелеріне қызықтыруға және қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға өз септігін тигізіп келеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz