/**/

ҚМГ-ӨМ және PetroChina мұнай өңдеу саласында ынтымақтастықты дамытуда

Жақында Бейжің қаласында  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ  және   ҚХР «CNPC» мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы   –  «PetroChina Company Ltd.» басшыларының қатысуымен жиын өтті.  «PetroChina Company Ltd.» компаниясы  Шымкент қаласындағы  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауытын басқару бойынша  ҚМГ-ӨМ-нің   серіктесі  болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК   АҚ президенті Сауат Мыңбаев пен Қытай ұлттық мұнай корпорациясының вице-президенті Ван Дунзиннің   кездесуі  кезінде  ҚМГ-ӨМ мен PetroChina арасында  Қазақстанда мұнай өңдеу саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту  Келісімшартына   қол қойылды.


Құжатта Қазақстан Республикасының  ішкі рыногын сапалы мұнай өнімдерімен бірігіп қамтамасыз етуді одан әрі дамыту жолдары  қарастырылған.


Сонымен қатар, ресми кездесу шеңберінде  «ҚМГ» ҰК   АҚ  мен «СРЕСС» басшылары   «Шымкент МӨЗ-ін модернизациялау мен реконструциялаудың», зауыттың қуаты мен терең өңдеуді ұлғайтуға бағытталған,  2-ші кезеңін    іске асыру  үшін  ЕРС-контрактысы бойынша  қосымша Келісімге қол қойды.   «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің жоба-сметалық құжатына берілген мемлекеттік сараптаманың оң  қорытындысы негізінде Қосымша келісім     ЕРС-контрактының тұрақты бағасын   1 383 млн. АҚШ доллары сомасында   белгіледі. 


PetroChina – Қытайдың мемлекеттік мұнай корпорациясы «CNPC» құрылымындағы мұнай химия және табиғи газ өндіру, өңдеу,  саласында   басқару активтері бар  ірі компания. СРЕСС – мұнай инженерлік-құрылыс компаниясы, «CNPC» бөлімшесі, ірі   әлемдік инвестициялық жобаларды көптеген елдерде, соның ішінде Қытай мен Қазақстанда іске асыруда   мол тәжірибесі бар.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz