/**/

«ҮЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА» ҮШІН TECH GARDENAWARDS-2022 СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ

2023 жылы 3 ақпан күні Алматы қаласында «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты V халықаралық цифрлық форумы болып өтті.

Осы форум аясында өндірістік процестерге цифрландыру жобаларын ендіріп жатқан өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар марапатталды. 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты. 

«Біз өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру элементтерін өздерінің өндірістік процестеріне ендіргені үшін бірінші рет марапаттап отырмыз. Қазақстан үшін дәстүрлі саналатын мұнай, тау-кен өнеркәсібі де цифрландыру элементтерін ендіруі тиіс және біз оны көтермелеуге тиіспіз. Мен бұл салаларға да инновациялар мен жаңа технологиялық шешімдер қажет деп санаймын», — деді Мусин. 

Tech GardenAwards-2022 сыйлықақысын өнеркәсіптік цифрландыру жобаларының үздік 5-еуі иеленді.

– «Үздік цифрлық шешім» – «Каспий мұнай» АҚ;

– «Жасанды интеллект пайдаланылған үздік жоба» – «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» (Polymetal) ЖШС;

– «Үздік экологиялық жоба» – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ;

– «Үздік корпоративтік ақпараттық жүйе» – «Ангренсор Энерго» ЖШС;

– «Активтерді басқару және ресурстарды оңтайландыру» – «Kazpetrol Group» ЖШС.

«Ортадан тепкіш күштер өрісінде сепарациялау негізінде мұнай құрамдас сұйық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тауарлық мұнай, тазартылған су және қатты фаза үйіндісін алу» жобасын ұсынып, «Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жобаны іске асыру аясында алғаш рет мұнай қалдықтарынан 1 санаттағы сапалы тауарлық мұнай алудың рекордтық көрсеткіштеріне, яғни өндеу әлеуетінің 98%-дан астамына қол жеткізілді.

Жобаны Smart Industry Management Platform (SIMP) платформасының резиденті – «CTSolutions» компаниясы жүзеге асырды. Компания цифрлық трансформацияны дамытуға және өнеркәсіптік кәсіпорындарға Индустрия 4.0 технологияларын ендіруге бағытталған көмек көрсету қызметтерін ұсынады.

Жоба әзірлеушілерді құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен қызықты жобалар тілейміз!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz