/**/

ӨРТТІ СӨНДІРГЕННЕН, АЛДЫН АЛҒАН ОҢАЙ

ӨРТТІ СӨНДІРГЕННЕН, АЛДЫН АЛҒАН ОҢАЙ 

Қазақстанда 17 сәуірде жылма-жыл кәсіптік мереке – Өртке қарсы қызмет күні аталып өтіледі. 

Бұл мейрамның айтулы күні КСРО-да 1918 жылдың 17 сәуірінде «Отқа қарсы күрестің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретке қол қойылуы құрметіне арналып белгіленді. КСРО-ның бұрынғы республикалары, соның ішінде Қазақстан да, осы мейрамды атап өтіп келеді. 

Мереке қарсаңында, Құмкөл кенішіндегі «ПҚҚР» АҚ мен «Көлжан» ЖШС қызметкерлерінің арасында: «ӨРТТІ СӨНДІРГЕННЕН, АЛДЫН АЛҒАН ОҢАЙ» тақырыбы бойынша жыл сайын өткізіліп тұратын өрт қауіпсіздігі жөніндегі кезекті конкурс болып өтті. Оның басты мақсаты әрбір қызметкердің жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттыру және оқыс жағдайда өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын жетілдіре түсу болып табылады.

Аталған іс-шараны Құмкөл кенішінің өндіріс жөніндегі директоры Пань Синьцзюнь ашты. Конкурстың былтырғы жеңімпаздары, ҚАМ командасы, жарыстар басталардан бұрын салтанатты жағдайда қазылар алқасының төрағасы  Пань Синьцзюньге Кубокті қайтарып берді.

Игеру және күрделі құрылыс мәселелері жөніндегі вице-президент Болат Көшербаев құттықтау лебізін арнады. Ол қатысушыларға жарыста табыстар тілеп, өртке қарсы қызметті кәсіптік мерекесімен және «ПҚҚР» АҚ өрт қауіпсіздігі бөлімін құрылғанына 25 жыл толуымен, сондай-ақ конкурстың барлық қатысушыларын – Құмкөл кенішін өнеркәсіптік игерудің 30 жылдығымен құттықтады.

Басқарма төрағасының өндіріс қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Әділбек Беклиев өз сөзінде жылдан жылға аталған конкурсқа қызығушылықтың арта түсіп отырғандығын, конкурсқа қатысу үшін ынта білдірушілер санының көбейіп келе жатқандығын атап көрсетті. Биыл конкурсқа қатысуға бөлімшелерден 18 өтінім келіп түсті. Компания қызметкерлерінің қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамайтындығы, конкурсқа тыңғылықты даярланғандығы қуантып отыр.

Сондай-ақ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші Шан Вэйчжун, кәсіподақ комитетінің заңгері Бақыт Мұқашева және  өрт қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Жомартбек Телеубаев қатысушылардың жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді. 

Әр бөлімшеден келген, құрамы 3 қызметкерден құралған командалар практикалық жаттығуларды орындай отырып, өз дағдыларын жетілдіре түсіп, көптеген жанкүйерлер мен көрермендердің алдында өрт сөндіру құралдарын пайдаланудың әдістерін және оқыс жағдайда жұмыс істеу тәсілдерін көрнекі түрде паш етті.                                                                                          

Осы жылы Ауыспалы Кубокті иелену құқығына бақ сынасу үшін 18 команда шақырылды. Үміткерлер жаттығулардың екі түрін орындау бойынша шапшаңдық таныту жөнінен жарысқа түсті:

1. Кедергілер қойылған 150 метрлік жолақты еңсеру және ОП-5 өрт сөндіргішінің көмегімен жанып жатқан сұйықтықты өшіру;

2. Өрт кранынан (ӨК) оқпандары бар өрт жеңдері желісін тарту және суды өрт ошағын өшіруге бағыттап жіберу. 

2 кезеңнің қорытындыларын шығарып, жинақтай келе, конкурсты ұйымдастырушылардың бірі «ПҚҚР» АҚ өртке қарсы қызметінің қарауыл бастығы Еркін Ертаев аталған жоба өрт-техникалық минимум бағдарламасының шеңберінде өткізілетін сабақтарда ПҚҚР қызметкерлерінің алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекіту болып табылатындығы жайлы түйіндеп өтті.

Ауыспалы кубоктің алғашқы иегерлері болып 2013 жылы Бас сорғы айдау стансасының қызметкерлері атанса, ол 2014 жылы Технологиялық бөлім командасының еншісіне бұйырды, ал 2015 жылы кубок Арысқұм кенішінің құрама командасының активіне ауысты.

2016 жылғы жарыстардың қорытындылары бойынша бірінші құрметті орын БМАСкомандасына бұйырды, бұл команда уақыт бойынша ең үздік нәтиже – жалпы уақыт бойынша алғанда 98,62 секунд болып тіркелген жаттығуларды орындау нәтижесін көрсетті. Екінші орынды МДАЦ командасы иеленді. Үшінші орын – МГӨЦ-2 командасының еншісінде.

Барлық жеңімпаздар «ПҚҚР» АҚ ҚЕҚОҚ департаментінің тиісті дәрежедегі медальдарымен және лайықты бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жарысқа қатысқан нәзік жанды қауым өкілдері коммуникациялар бөлімінің диспетчері Нәзия Құлшығаева, МРБ-ның құжаттарды бақылау бөлімінің маманы Дана Әбуова, Көлік бөлімінің маманы Ажар Әйтпенбетова дипломдармен және естелік сыйлақтармен аталып өтілді. Осы конкурсты ұйымдастыруда белсенділік танытқандары үшін мердігерлік ұйымдарға: «Нұрсат Бауыр» ЖШС мен «Құмкөл Сервис» ЖШС-на алғыс хаттар және ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

Келесі жылы конкурс Арысқұм кенішінде жалғасын тапқалы отыр.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz