«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 7/2 хаттама:
1.1. 2018 жылғы 24 шілдеден бастап Қоғамның құрамы 2 (екі) адамнан тұратын алқалы атқарушы органы – басқармасы сайлансын және олардың өкілеттік мерзімдері 3 (үш) жылға белгіленсін:
Цинь Хунвэй мырза – басқарма төрағасы, Қоғамның атқарушы органының басшысы болып табылады;
Фан Цзячжун мырза – Қоғамның президенті, басқарма мүшесі болып табылады;
1.2. Басқарма төрағасы мен Қоғам президентінің лауазымдық айлықақылары қолданыстағы заңнама бойынша олармен жасалатын еңбек шарттарына сәйкес белгіленсін;
1.3. Басқарма төрағасы Цинь Хунвэй мырзаға және Қоғам президенті Фан Цзячжун мырзаға өзге компаниялар мен ұйымдардағы лауазымдарды қоса атқаруға рұқсат етілсін.