Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2019 ж. 11 ақпандағы № 17/5 хаттама, атап айтқанда:
1. Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып Фан Цзячжун мырза сайлансын.
«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:
2019 ж. 11 ақпандағы № 118/5 шешім
1. Қоғамның дара акционерінің, барлық дауыс беретін акциялары иесінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №101/5 шешімімен тағайындалған Чжао Ин ханымның Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын;
2. Акционер – «ПҚИ» компаниясының өкілі Фан Цзячжун мырза Кеңестің мүшесі болып сайлансын, бұл ретте оның Кеңес мүшесі ретіндегі өкілеттік мерзімі Кеңестің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын.