Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда:
1) Қоғам мен «Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС арасында кәсіпшілік автожолдарды пайдалануқұқығын беруге №1902001 сервитут шартын;
2) Қоғам мен «Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС арасында көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы №1901107 шартын;
3) Қоғам мен «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС арасында №3939 келісімшарттық аумақта бұрғылау кезінде бастапқы цементтеу қызметтеріне жасалған №1801095 шартқа №4 қосымша келісім жасасуы туралы шешім қабылдады, 2019 жылғы 13 наурыздағы № 18/2 хаттама.
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 119/2 шешімімен мақұлданды.