/**/

Алматыда хореографиялық оқу орындарының шәкірттерінің екінші халықаралық «Өрлеу» конкурсы басталды.

Алматыда хореографиялық оқу орындарының шәкірттерінің екінші халықаралық «Өрлеу» конкурсы басталды. 100-ден астам қатысушы өздерінің дарыны мен орындаушылық шеберлігін көрсетеді. Сонымен қатар, конкурстың міндеттерінің бірі түрлі елдердің дарынды балалары мен  хореограф ұстаздарының арасында достастық қарым-қатынас орнату болып табылады.


Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде бүгін екінші халықаралық «Өрлеу» конкурсының қазылар алқасының барлық мүшелері толық құрамда жиналды. Ол екі жылда бір рет өткізіледі. Алғашқы конкурс 2008 жылы өткен болатын, сол жолғыдай қазіргі конкурсқа да демеушілер қолдау көрсетті, олардың қатарында «Петро Қазақстан» компаниясы да бар. Конкурс жаңадан өткізіле бастаған шара болғанымен де, қадамын аршынды басып келе жатыр. 5 көкектен 8 көкекке дейін іріктеу турлары өтеді. Қазылар алқасының мүшелерін үлкен жұмыс күтіп тұр: олар 100-ден астам дарынды жас орындаушылардың шеберлігін 2 номинацияда – классикалық және халық биі номинациясында бағалауға тиіс. Бұл жолы қазылар алқасының құрамы үлкейді: оған Австрия, Германия, Жапония, Түркия, Корея және жақын шет елдерден келген белгілі ұстаздар мен сахна шеберлері кірді. Конкурстың жеңімпаздарына жүлделер тапсыру және гала-концерт 9 көкекте Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өтеді. Балет өнерінің жанкүйерлерін көп үміт күттіретін қызғылықты дебюттер және жаңадан ашылатын есімдер күтіп тұр.

/Әсия Қалиева/

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz