/**/

Балаларға қуаныш сыйлаған компания

Балаларды бір күн ғана емес, үнемі қорғап жүру керек. Сондықтан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өзінің қамқорындағылар туралы ешқашан ұмытпайды.

1998 жылдан бастап Компания Қазалы қаласындағы мүгедек балалардың «Шапағат» оңалту орталығына (50 орынға арналған) (“Демеу” қоры арқылы 2006-2008 жылдар аралығында) қолдау көрсетіп келеді, ал 2001 жылдан бастап толық қаржыландырады.

2001 жылдан бері көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балаларға арналған «Балдәурен» балабақшасын (50 орынға арналған) Компания түгелдей қамтамасыз етіп (балаларды тамақтандыруға және балабақшаны ұстауға жұмсалатын қаражат) келеді.

Компанияның Наурыз мерекесіне арналған кезекті қайырымдылық акциялары жақында «Шапағат» оңалту орталығында және «Балдәурен» балабақшасында өткізілді.

/Н. Қапиұлы/

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz