2008 жылғы 3 шілдеде Шымкенттің әкімі А. Жетпісбаев мырза Қазақстан Республикасының Президенті атынан «ПҚОП» ЖШС-нің Вице-президенті Цзянь Ши мырзаға «10 жыл Астана» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыс етті. Осындай марапат елдің өнеркәсіп, бизнес және мемлекеттік құрылымдарының бірқатар өкілдеріне берілді. Құрметті марапат арқылы Елбасы тек «ПетроҚазақстан» басшылығының жеке үлесін ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда компанияның табысты жұмысын да атап өтті деп ойлаймыз.