/**/

Бізде бір қиял-ғажайып ел бар, оны шындыққа айналған ертегі деп атайды

Час пик (Қызылорда), № 22 (420), 26.06.2009 жыл.

Бізде бір қиял-ғажайып ел бар, оны шындыққа айналған ертегі деп атайды  /Меншікті ақпарат/

Шынында да, бұл өзінше бір пейіштей жер, мұнда ғұмыр кешіп, осы жасыл желекке бөленген таңғажайып әлемнің сұлулығына мен шаттығына және ертегілердің кейіпкерлерінің мұражайына  рахаттануға болады. Бұл маңайдың жазғы демалыс кезінде балалардың күлкісі мен у-шуына бөленгеніне, міне, 13-ші жыл, және де бұл “Арай Санрайз” лагері деп аталады.

Осында демалатын балақайлардың барлығы осы ертегідегі қалашықты өздеріне тарту еткен әйгілі “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” мұнай компаниясының мейірімді басшылары екенін біледі, олар 12 жыл бұрын осы бір әсем аймақты өз қанаттарының астына алып, оны үлкен қамқорлық жасап,  қожалық назар таныта білді. Әрине, бұл балақайлар Одақ ыдыраған кезеңде бұл лагерьдің қаңырап қалып, әбден құлазып кеткенінен бейхабар. Енді міне, ПетроҚазақстандықтардың қамқорлығының арқасында барлық корпустар қайтадан қалпына келтіріле бастады, сәнді күркелер мен саяжолдар бір-бір кірпіштен қаланып, аз уақыт ішінде кемпірқосақтың барлық түстерімен жарқырап, балалардың шат күлкісіне толды. Жатын корпустар жөнделді, енді оларда жаздың аптабында әрі жарық әрі салқын. Тәжірибелі аспаздар балақайларды дәмді бәліштермен және түскі аспен тамақтандырады.

Әрине, лагерьдің әр түкпіріне жан бітіру үшін қомақты қаражат жұмсау керек, ал оны мұнай компаниясы береді.

“Арай Санрайз” лагері демеушілердің қолына 1997 жылы көшті. Осы кезеңнің ішінде барлық корпустар жөнделді, СЭҚ ұйғарымы бойынша асханаға жапсарлас жаңа жай тұрғызылды, бассейн жөнделді және өз моншасының жұмыс істегеніне міне, үшінші жыл болды (оған дейін балаларды бір ауысымда екі рет қалалық моншаға апаратын), спорттық ойындар мен жарыстарға арналған спорт алаңдары ұйымдастырылды. Электр қуатына қатысты қиындықтар болды, бірақ демеушілер ол мәселені де шешіп, қаладан лагерьге дейін электр желісін тартты.

Енді лагерь аумағы туралы айта кетелік, мұнда орналасқан “ертегі қалашық” алғаш келген мейманды таң қалдырып, өзіне тәнті етеді. Жасыл желектің арасында ертегілердің кейіпкерлері бар түрлі саяжолдар тұрғызылған. Бұл “альпі төбешігі” (швейцар ертегісінен), “қазақ ауылы”, “орыс хуторы”, шығыстың “Шахерезадасының шатыры”, “дегелек” көгалы, ешкілерге арналған шаруашылық жайлары бар “Робинзонның” лашығы, “тауыс”, қанқызы қоңыздары бар, жарықтандырылған “жу-жу алаңқай”, сегізаяқтары мен кемешелері бар бассейн, пагодасы мен қолшамдары бар “қытай қалашығы”, туған күн иесіне арналған көгал, онда туған күн құрметіне үлкен торты бар кішкентай піл жайғасады, туған күн иесінің құрметіне сыйлықтар беріледі және концерт қойылып, фуршет ұйымдастырылады, т.с.с. Келесі ауысымда келетін балаларға ханшайымның қысқы сарайы, шыршалар, Аяз ата мен Ақшақар бар “қысқы ертегіні” ашу жоспарланып отыр, олар жарықтаманың көмегімен түні бойы жанып тұрады.

Осы мерзімде (1997 – 2009 жылдары) компания лагерьдің жұмыс істеуі үшін көп қаражат жұмсады (күрделі және ағымдағы жөндеу, күзет, жұмыскерлердің еңбекақысы және т.б.), бұл шамамен 2 миллион 398019 ш.б. құрайды.

Лагерьде бір ауысымда 9-14 жастағы 180 бала демала алады. Ауысым саны 6. Оның ішінде 4 тұрақты, және 1 спорттық және 1 экономикалық ауысым. Тұрақты ауысымдар 15 күн, спорттық – 10 күн және экономикалық ауысым – 7 күн демалады. Балалар мұнда бес дүркін тамақтанады, тағамның құрамында жас өнімдер, көкөніс және жеміс-жидек бар (лагерьде бір баланың бір күндік тамағы 2 100 теңгеден айналады). Бір балаға жолдама 54 793 теңгеден айналады (жолдаманың құнына өтелім, қыста күтіп ұстау және күзет енгізілмеген, олар енгізілген жағдайда жолдама анағұрлым қомақты сомаға, 500 ш.б. айналар еді). Көріп отырғанымыздай, біздің балаларымызға көп шаттық сыйлайтын демалыс демеушілер үшін қымбатқа түседі. Бірақ олар ренжімейді, себебі мейірбандық – изгілікті әрі қайырымды адамдардың пешенесі. Бұл лагерь – өзінше бір үлкен тату жанұя, мұнда әрбір сәби өзін қызықтыратын әрі көңіліне қонатын іспен айналыса алады. Мұнда өз істеріне шын берілген және оны ұнатып атқаратын, жылдан жылға балалық әлеміне бойлайтын, балалық аңғалдық және бейкүнә күйін мәңгіге сақтаған адамдар жұмыс істейді, олар өз өмірін осы сүйкімді де тентек балақайларсыз елестете алмайды.

Биылғы жылы жазғы демалыс маусымы экономикалық ауысыммен ашылды. 25 мамырдан бастап 30 мамырға дейін “Арай Санрайз” лагерінде “Джуниор Эчивмент Қазақстан” қоғамдық қорының жетекшілігімен, сондай-ақ “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” компаниясының қолдауымен орта мектептердің оқушыларына арналған республикалық экономикалық ауысым өткізілді.

Ауысымның мақсаты – «Қолданбалы экономика», «Экономика мен менеджмент үлгісін жасау», «Мектеп компаниясы», «Банктердің жұмысы», «Әлемдік бизнес-этика» сияқты, «Джуниор Эчивмент» қорының экономикалық бағдарламаларын тарату жобасын іске асыру. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде экономиканы оқыту ісін дамыту міндеті көзделді. Лагерьде өткізген бес күн Қазақстанның 17 қаласынан келген балалар үшін қызықты, пайдалы әрі тартымды болды.

Лагерьде экономикалық ой-сананы дамытуға арналған түрлі тренингілер мен ойындар өткізілді.

Жас бизнесмендер жетекшілік машықтарын үйренді, шешендік шеберлік машықтарына, қызметкерлер құрамын дұрыс іріктеуді, сондай-ақ түйінді жағдаяттардан шығуды және дұрыс шешімдер қабылдауды үйренді. Шынында да, ол балалар үшін естен кетпес күндер болды.

Қазіргі ауысымда лагерьде ұзын саны 180 бала демалуда, олардың ішінде 125 бала әл-ауқаты төмен отбасылардан, оның ішінде 33 бала түрлі МЕҰ жолдамалары бойынша, 10 бала Макаренко атындағы балалар үйінен келген, ал қалған сәбилер компанияның жұмыскерлерінің балалары.

Балалардың осындай құрамымен 20 адамнан тұратын ұжым жұмыс істейді. Мұндағы жұмыскерлердің 50 пайызын бұрыннан келе жатқан тәжірибелі ұстаздар құрайды, тәжірибесі аз жастар да бар, бірақ олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді, балаларды қызықтырып, соңдарынан ерте алады.

Бізге Светлана Алишевамен сұхбаттасудың орайы келді. Оның осы лагерьдің айнымас аға тәрбиешісі болып жұмыс істегеніне міне 12 жылдан асыпты. Бұл шын мәнінде өз орнын тапқан жан. Өзінің лагерьдегі жұмысы туралы айтқанда, балақайлардың жарқын әрі мейірімді қуатымен жігерленген Светлана балалардың лагерьдегі өмірі мен демалысы жайында еліктіре әрі көңілді және біртүрлі шаттықпен әңгімелейді.

Лагерьде түрлі бағыттағы 19 үйірме жұмыс істейді. Жұмыскерлердің көбі бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, тәжірибелері мол әрі өз ісінің майталмандары. Жыл сайын балалардың лагерьдегі жазғы демалысының ашылуына қарай олар жұмысқа жаңа идеяларын, жаңа технологияларын ала келеді, бұл оларға балаларды еліктіруге мүмкіндік беретіні соншалық, олар есейіп, жоғарғы білім алғаннан кейін кейбіреулері жазда балалармен жұмыс істеуге осында келеді. Мысалы: Гафур Абитов жоғарғы экономикалық білім алса да, міне 4 жылдан бері хореографиялық үйірмеге жетекшілік етіп келеді. Мектепте оқыған шағында ол лагерьде демалатын, осы үйірмеге қатысатын, сол кезден хореографияны өте жақсы көріп (“Алекс” оқушылар сарайында би үйірмесіне қатысқан), енді міне, өзінің биге деген сүйіспеншілігін басқаларға дарытуда.

“Балдәурен” фольклорлық үйірмесінің жетекшісі Ербол Төлепов өзі саз шығармашылығымен айналысады және міне 10 жыл бойы осы үйірмеге жетекшілік етуде. Бұл үйірмеге ПетроҚазақстандықтардың көмегімен қазақтың ежелгі саз аспаптары (домбыра, сайғақ мүйіз, шылдырмақ және т.б., ұзын саны 8 түрі) сатып алынды.

Сағила Манасынова, білімі бойынша психолог, лагерьде макраме үйірмесінің жетекшісі болып 6 жылдан астам жұмыс істейді.

Сәуле Сырымбетова моншақ тізу үйірмесіне жетекшілік еткеніне үш жыл болыпты.

Сәнді киімге әуес сәнқойлар үшін “Сәнқой бойжеткен” үйірмесі жұмыс істейді, онда қыз балалар өздеріне киім пішіп, тігуді үйренуіне болады. Көптеген аналар өз балаларын демалысқа жібергенде, бір өнерді үйреніп қайт деп тапсырма береді. Осындағы үйірмелерден үйренген барлық машықтар мен дағдылар ересек өмірде пайдаға асады. Сондықтан көптеген балақайлар екі, кейде тіпті үш үйірмеге қатысуға уақыт табады. Мұнда ұстаздар үшін ең бастысы – балаларды еліктіре және жаңашылдыққа қызықтыра білу. Өйткені біздің балаларымыз – шебердің епті қолындағы аспап секілді. Аспапты қалай баптасаң, солай ойнайды деген.

Балалар үшін өте қызықты “Гобелен” үйірмесінің жетекшісі Салтанат Құдайбергенова жаңа технология бойынша жұмыс істейді.

Қыштан ыдыс жасайтын үйірме бар, онда балалар өздері әр түрлі бұйымдар жасап, тіпті оларды арнайы пеште күйдіре алады. Мұнда міне, бірнеше жыл бойы К. Италмасов пен мүсінші Т. Боранбаев жұмыс істейді. Бұл үйірменің экспозициялары жыл сайын көрмеге қойылады.

“Шекіме” және “ағаш ою” үйірмелерінде балалар қаңылтырдан шекімелеуді және ағаштан тісарамен әртүрлі заттар оюды үйренеді, және айта кететін жайт, олар тәп-тәуір бұйымдар жасайды.

“Жұмсақ ойыншықтар” үйірмесінің балалары өз қолдарымен тіккен жұмсақ ойыншықтар ешкімді де бейжай қалдырмайды, өйткені олар өте әдемі әрі епті жасалған, тіпті дүкенге сатуға қойса да болады.

Сондай-ақ спортпен әуестенетін балаларға арналған үйірмелер жұмыс істейді, бұл – “каратэ”, “тоғызқұмалақ”. Сырмақ, құрақ-көрпе тігу, ши тоқу, кілем тоқу және ілмекпен кесте тігу шеберлігін үйренгісі келетін қыз балалар үшін тиісті үйірмелер жұмыс істейді. Мұнда да ұлттық бояу-нақышпен жасалған бұйымдар тігу шеберлігін үйренуді қалайтындар аз емес. Айта кетерлік жайт, ши тоқу өнерін мұнда екі бағытта, яғни, қазақ және түрік технологиялары бойынша үйретеді. Түрік технологиясы бойынша балаларды міне, 8 жыл бойы өз ісінің шын шебері Ляйля Арихова, ал қазақ технологиясы бойынша – Шиеліден келген, білімі бойынша технолог Гүлжанат Қойшыбаева үйретеді, ол да өз ісіне берілген, шығармашылыққа бейім адам.

Бір сөзбен айтқанда, мұнда шығармашылық әлеуеті мол адамдар жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта балаларды соншалықты еліктіріп әкете алады да, балалар да қарымын қайтарып, алға жарып шығуға ұмтылып, бәскелестік рухымен белсене жұмыс істейді. Бұл тату-тәтті жанұядағы сияқты балаларға жауапкершілік пен ұжымдастық сезімін дарытады. Және де, ең қызығы – кез келген еңбекке ақы төленетіні сияқты, балалардың да өз ақшасы «сәулелері» бар. Маусымның соңына қарай барлық «сәулелер» есептеліп, тапқан пайдасына қарай олар сыйлық сатып алу үшін супермаркетке аттанады. Өзіне сыйлық алуға, ал кейде анасына сыйлық алуға жететін ақша тапқан сәбидің қуанышын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Ал дүкендегі сыйлықтардың бағасы аса арзан болмайды, 500 теңгеден 5 000 теңгеге дейін болады, және де олардың құнын мұнайшылар төлейді.

Лагерьде болған әр күн толып жатқан қызықты да тартымды істерге толы. Және осы күннің әрбір іс-шарасы күннің ұранының рухына бөленеді. Бұл “Нептун күні”, “күлкі күні”, “ата-ана бәліші”, “тәтті қазына”, “ізеттілік күні”, түрлі конкурстар күні, “Халықтар достығы күні”, “қызыл жол” және т.с.с. Өстіп маусым жабылатын күн де байқатпай келіп жетеді де, балалар достарымен, ұстаздарымен және өз уақытын қызықты да көңілді өткізген лагерьдің әр түкпірімен үлкен қимастықпен әрі мұңая отырып қоштасады. Жүрек түкпірінде әрбір бала осы жерде бастан кешкен бақытты шақтың кішкентай сәулесін өзімен ала кетеді.

Осы қуанышты да жағымды жайттың бәріне балалардың қолын жеткізіп отырған “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” компаниясы. Ол әрбір сәби келесі жылға дейін көңілді де қызықты, және ең бастысы пайдалы түрде күш-қуат жинап, жақсы демалуы үшін жылдан жылға лагерьдің өзін абаттандыруға үлкен үлес қосып отырады.

Жұртшылықпен байланыс бөлімінің мамандарының, соның ішінде жақсы кадрларды іріктеп, балалардың демалысын ұйымдастырумен айналысатын Светлана Эмнің жұмысын атап айтқымыз келеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz