Бүгін, 2025 жылғы 28 ақпанда сағат 15:00 «ПҚОП» ЖШС компаниясының басшылығының 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу жұмыс беруші мен «ПҚОП» ЖШС жұмыскерлері арасындағы ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің регламентіне сәйкес өтті.
«ПҚОП» ЖШС Президенті Б.Т.Ерегенов мырзаның кіріспе сөзінен кейін өндірістік бағдарламаның орындалуы бойынша өндіріс жөніндегі директор Р.Ш.Навесов баяндама жасады; қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері бойынша Экономика және жоспарлау жөніндегі директор А.К.Тұраров сөз сөйледі; Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаменттің көрсеткіштері бойыншатдепартамент директоры М.Т.Аблаев сөз сөйледі.; Еңбек ресурстары қызметінің көрсеткіштері бойынша Персоналды басқару және әкімшілік департаментінің директоры Т.Ф.Жармаханбетов сөз сөйледі.
Есеп беру аяқталғаннан кейін компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары еңбек ұжымы қойған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді. «ПҚОП» ЖШС басшылығы Ұжымдық шарт аясында жұмыскерлер алдындағы өз міндеттемелерін толығымен орындайды және болашақта да осындай қағидаларды ұстанатын болады. Сондай-ақ, биыл «ПҚОП» ЖШС ШМӨЗ өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтуде, соның аясында бірқатар іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарлауда.
🖊️«ПҚОП» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі