/**/

Жақыныңа жәрдемдес

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында дәрстүрлі қайырымдылық акциялар шеңберінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының өкілдері қала маңындағы Тасбөгет кентінің төрт аз қамтамасыз етілген отбасыға материалдық көмек көрсетті. Мұқтаж адамдарға азық-түлік жиынтық түріндегі қолдау көрсетілді, оның ішіне 25 килограммдық қаптағы ұн, қант, күріш, 2 килограмм үнді шайы, 10 килограмм макарон өнімі мен 5 литр өсімдік майы кірді.
Қазан айының аяғында Жарылқасын Кенжебеков пен Үміткүл Маменованың отбасында қайғылы оқиға орын алған – өртте екі немерелері көз жұмды. Ал екі жыл бұрын көлік апатынан олардың ұлдары, немерелерінің әкесі қайтыс болды. Ауыр әрі орны толмас қасіретке мейірімді адамдар, жақындары, көршілері ортақтасып келеді.
– Өрт кезінде менің жолдасым да мерт бола жаздады, содан мүгедек болып қалды, – дейді Ү. Маменова. –  Үйімізді қайта тұрғызуға ат салысып жатқан барлық қайырымды жандар мен жерлестерімізге үлкен рақметімді айтамын. Азық-түлік өнімдерімен қолдау көрсеткен және теледидар, ыдыс-аяқ жинағы мен термошәйнекті сыйға тартқан  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшылығына жеке алғысымды білдіремін. Үлкен рақмет оларға, мұндай көмек біз үшін өте елеулі.
Сонымен қатар азық-түлік пакеттері Тасбөгеттік аз қамтамасыз етілген отбасылар: зейнеткер, көпбалалы ана Бибіғанши Карабаеваның, үш жасар баласымен жесір қалған әйел Шырын Тоқтамұратова мен көпбалалы ана Нұргүл Жасманбетованың отбасыларына жеткізілді.
Ағымдағы жаңа жыл алдындағы қайырымдылық акциясының барысында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстың 400-ден астам отбасына азық-түлік пакеттері түрінде қолдау көрсетті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz