/**/

Жақын арада «Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасындағы алғашқы Аумақтық Қоғамдық Өзіндік Басқармасының Спартакиадасы өтеді, тіркелуге асығыңыздар!

Жақын арада «Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасындағы алғашқы Аумақтық Қоғамдық Өзіндік Басқармасының Спартакиадасы өтеді, тіркелуге асығыңыздар! 

«Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасындағы ең ауқымды ұжымдық спартакиадаға тіркеу ашылды. 

2 тамыз бен 8 қыркүйек арасында «Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін мекемелердің қызметкерлері 8 спорт түрінен: шағын футбол, волейбол, стритбол, настольный теннис, армрестлинг, кибер-спорт (Counter-Strike 1.6) ең мықтыларды анықтайды. Осы жылы “тоғызқұмалақ” ұлттық ойынынан алғаш рет жарыс өтеді. 

Спартакиада мақсаты ақционерлік қоғамның құрамына кіретін барлық компаниялар мен бөлімдердің ішінде ұжымдық рухты күшейту болып табылады. Спорт шарасын ұйымдастырумен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту фонды айналысады. 

«Samruk-Kazyna Trust» фондының ұжымдық коммуникациялар департаментінің директорі Мирас Иргебаев:

««Самрук-Қазына АҚ компаниялар тобы» – бұл спортты жақсы көретін 300-ден аса мекемелер және 300 000-нан артық қызметкерлер. Спартакиада өткізілуі холдинг ұйымдарында жұмыс жасайтын қызметкерлерді біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар оларды спорт пен салауатты өмір салтына баулитын және ұжымдық рухты асқақтататын елеулі шара болып табылады. Спартакиадаға арналған спорт түрлерін топ жұмысын жақсарту мен сұранысқа байланысты таңдап қоймай, шахмат, тоғызқұмалақ сынды дара спорт түрлерін де қостық. – деді.

Суперфиналда жарыстардан бөлек қатысушылар мен жанкүйерлерді алуан түрлі белсенді бөлімдері бар сауық бағдардамасы күтетіні, қонақтар жақсы сезімдермен қуаттанып, логикалық және спорттық жарыстарға қатыса алатыны туралы айтты. 

Спартакиаданың бас төрешісі Дәулет Хамзин: «15 жыл бойы мен республикалық Спартакиадаларда төреші болып келемін. Бұндай шаралар адамдарға спортпен жүйелі түрде шұғылданудың үлкен пайдасы бар екенін еске салады. “Самрук-Казына” Спартакиадасы – ерекше шара, себебі мұнда еңбек жолында бірге жүрген пікірлестер қатысады. Олар тек медаль иегері болу үшін ғана емес, жүйелі түрде нәтижені жақсартады. Спартакиаға өз ортасындағы мықтылар ғана қатысады», – дейді.

Басты спорт мерекесі еліміздің 4 аймағында: Солтүстік-Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Батыс өтетін іріктеу кезеңінен басталады. Жарысқа 13 облыс пен республиканскалық маңызы бар 3 қала қатысады. Іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында кездеседі.

2 тамыз бен 4 тамыз Солтүстік-Шығыста іріктеу кезеңі басталатынын еске саламыз. 

Осында Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының еншілес тәуелді ұйымдардың топтары кездеседі. 

Жеңімпаз атағына Орталықта 9 тамыз бен 11 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары еншілес тәуелді ұйымдардың өкілдері жарысады.  Спортшыларды Щучинск қаласы қарсы алады.

16-18 тамыз аралығында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан  аймақтарынан Ақтауга Батыс аймағының қатысушылары жиналады.

Оңтүстікте Шымкент қаласында 23-25 тамыз аралығында Алматы, Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының еншілес тәуелді ұйымдардың топтары кездеседі. 

Қатысушыларды тіркеу www.spartakiadask.kz сайтында онлайн өтеді. Тіркелу үшін қатысушылар техникалық өтінімді толтырулары, жеке куәліктің көшірмесін, мерзімі көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманы, әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі туралы арызды берулері керек. 

Сонымен қатар барлық сұрақтарыңызға жауап алатын WhatsApp +7 707 714 20 11 «ыстық желісі» жұмыс жасайды. Тұрақты түрде 8 800 080 53 08 «ыстық желісі» жұмыс жасайды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz