/**/

Жаңа мүмкіндіктерді бірге ашамыз

29 қазанда ПетроҚазақстан компаниясы мен ОҚО әкімінің жанындағы әйелдер мен гендерлік саясаты жөніндегі комиссиясының қолдауымен Шымкент қаласында шағын тігін цехтарын құру және жабдықтау мақсатымен қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Осы жоба шеңберінде 100-ден астам әйелдер мен мүмкіндіктері шектеулі балалар өздеріне жұмысқа орналасуды немесе үйде отырып табыс табуды мүмкін ететін шағын тігін цехтарын ашуға қажетті жабдықтарға және құрал-саймандарға ие болды. Компанияның демеуімен жүргізілетін пішу мен тігу курстары оларға өмірдегі армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл қайырымдылық акцияға шамамен 200 қамқорсыз қалған балалар тұратын Жастар Үйінің шәкірттері, мүкіндіктері шектеулі балалар, ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың аналары, «Ғибрат» көп балалы аналардың қоғамдық бірлестігінің мүшелері және басқалары да қатысты. Оқыту курстарын «Ғибрат» көп балалы аналардың қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының білікті мамандары, №65 мектептің және «Гаухар» ЖШС тігін фабрикасының мұғалімдері жүргізеді. Оқыту курстарының барлығы тегін өткізіледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz