/**/

Жаңа нысандардың жұмысшыларының өндірістік машықтануы.

«ПКОП» ЖШС-де 2012-2015 жылдар аралығында «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру барысында дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялап, күкірт өндіретін және жеңіл нафтаны изомерлейтін екі жаңа қондырғы іске қосылатын болады.
Жаңа және реконструкцияланатын қондырғыларды тиісті біліктілігі мен кәсіби машықтары бар инженер-техникалық және жұмысшы персоналымен қамтамасыз ету қажет. 
Өндірістік машықтану жұмысшыларды жаңа нысандардағы жұмыстарға дайындау кезінде маңызды құрал болып табылады.
Жұмысшылар үшін – өндірістің ерекшелігін үйрену, жұмыс істеп тұрған нысандарда өндірістік процестермен танысу, тәжірибесі көп әріптестерінен өз бетінше белсенді жұмыс істеуді үйрену, тікелей жұмыс орындарында теориялық білімдерін практикалық меңгеру, жұмысты орындау машықтарын үйрену, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс істеу әдістерін меңгеру машықтанудың негізгі міндеттері болып табылады.
«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ның өкімі бойынша Қазақстанның Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы үш мұнай өңдеу зауыты – салалас кәсіпорындарда өндірістік машықтанудан өту кестесін дайындап, бекітті. 2014-2015 жылдар аралығында үш зауыт өздерінің жұмысшыларын тәжірибе алмасып, өндірістік машықтанудан өтулері үшін жібереді немесе Қазақстан Республикасының басқа салалас мұнай өңдеу зауыттарының жұмысшыларын машықтанудан өтуге қабылдайды.
Әр қондырғы бойынша машықтану бағдарламалары Атырау мұнай өңдеу зауытымен және Павлодар мұнай химия зауытымен бірлесіп дайындалған және «ҚазМұнайГаз – Өңдеу және маркетинг» АҚ-мен келісілген.
2013 жылғы мамыр-маусым айларында «ПКОП» ЖШС-нің №2-технологиялық цехының 16 қызметкері Атырау мұнай өңдеу зауытының күкірт өндіру қондырғысында машықтанудан өтті.
«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен келісім бойынша «СНПС-АМГ» АҚ-ның Жаңажол МГӨК-де ЦПГ-3 күкіртті дайындау қондырғысында «ПКОП» ЖШС №2 цехының жұмысшылары төменде көрсетілген уақыт аралығында машықтанудан өтуде.
6 адамнан тұратын 1-топ 2014 жылғы 19-30 мамыр аралығында;
6 адамнан тұратын 2-топ 2014 жылғы 4-18 маусым аралығында;
6 адамнан тұратын 3-топ 2014 жылғы 23 маусым мен 6 шілде аралығында.

«ҚМГ-ӨМ» АҚ-мен келісілген машықтанудан өту кестесіне сәйкес «ПКОП» ЖШС-нің 9 жұмысшысынан тұратын топ 2014 жылғы 26 мамыр мен 6 маусым аралығында Атырау МӨЗ изомеризация қондырығысына машықтанудан өту үшін жіберілді. Машықтанудан өту кестесіне сәйкес 8-9 адамнан тұратын тағы да 3 топ машықтанудан өтуге жіберілетін болады. Биылғы жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының изомеризация қондырғысында барлығы 30 адам машықтанудан өтулері қажет.    

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz