22 мамырда Шымкент қаласындағы Опера және балет театрында зауыт қамқорлығындағы Балет мектебінің оқушылары бірінші рет Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін қойды. Балет мектептің 15 жылдығына, мектепке оның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі педагог пен балетмейстер Мейірбеков Болат Атаханұлының атын берген құрметіне арналды. Осындай маңызды іс-шара тек мектеп, «ПКОП» ЖШС үшін ғана емес, сонымен бірге барлық шымкенттіктер үшін де көрсетілді. Қырғызстанның халық артисі К. Сыдықовтың қойылымындағы жақсы, мейірімді ертегі «Щелкунчик» балалар мен үлкендерге де ұнады. Әдемі, сәнді костюмдер, әдемі декорация (әдемі безендірілген сахна), Чайковскийдің әдемі әуені балетті әсіре көңілмен қабылдатты. Көрермен толы зал жас артистерді ду қол шапалақпен қолдап отырды. Балет мектебінің директоры Мейірбекова Ламиля спектакльдің басында «Щелкунчик» балетінің қойылымын жасап, көрермендерге көрсетуге демеушілік көмек көрсеткені үшін ПетроҚазақстан компаниясының басшылығына үлкен алғысын айтып өтті. Сондай-ақ осы күні Балет мектебінің есептік концерті болды, есептік концерті әр кездегідей өте жоғары деңгейде өтті.