/**/

Кезектен тыс өткізген жалпы жиналысы отырысының нәтижелері бойынша

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) қатысушылары Серіктестіктің Атқарушы кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша кезектен тыс өткізген жалпы жиналысы отырысының нәтижелері бойынша 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Серіктестіктің Атқарушы кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешімге сәйкес: 

Серіктестіктің Президенті және Атқарушы кеңесінің төрағасы орнына – Қожабаев Ерболат Өмірсерікұлы мырза; 

Серіктестіктің Бірінші вице-президенті және Атқарушы кеңесінің мүшесі орнына – Цзян Жиюань мырза тағайындалды.   

АНЫҚТАМА ҮШІН: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытай Ұлттық Мұнагаз Корпорациясы (CNPC) тең негізде басқаратын Серіктестік болып табылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz