/**/

Мемлекет басшысының бүкіл ел аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы бастамасын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС белсенді қолдап, 2025 жылғы 19 сәуірде ауқымды сенбілік өткізді.

Мемлекет басшысының бүкіл ел аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы бастамасын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС белсенді қолдап, 2025 жылғы 19 сәуірде ауқымды сенбілік өткізді. Сенбілікке кәсіпорынның вице-президенттері бастаған 140 жұмыскері шығып, зауыттан Қарабастау ауылының көпіріне дейінгі жол бойын тазалады.
🍂Сенбілік барысында Сұйытылған газ паркі учаскесі қоқыстардан және қураған бұталардан тазартылды. Сенбілікке шыққан зауыт жұмыскерлері мен «ЮгАвтоТрансСервис» ЖШС-ның жұмыскерлері 10 тоннаға жуық қоқыстарды жинап, шығарды. Сенбілік өткізу туралы бастама кәсіпорын жұмыскерлерінің әлеуметтік жауапкершіліктерінің және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосуға деген ұмтылыстарының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

🌳«Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны тазалауға ғана емес, сонымен қатар жұртшылықтың назарын экология мәселелеріне аударуға және өскелең ұрпақ үшін үлгі көрсетуге бағытталғанын айтуымыз қажет.
🌱«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС экологиялық бастамаларға қолдау білдіріп, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға ықпал етіп, қоршағанортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қоса беретін болады.
 
🖊️«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz