/**/

Мұнайшылар Күнінің құрметіне арнаған спорттық жетістіктер

Қыркүйектің басында Атырау қаласында “Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің күніне және Қазақстан мұнайының 110 жылдығына” арналған мереке қарсаңында мұнай компанияларының арасындағы футбол бойынша турнир болып өтті. Турнирге 4 команда қатысты: “ЕмбіМұнайГаз” ӨФ ФК (Атырау қаласы), “ҚазТрансОйл” АҚ ФК (Атырау қаласы), “ПҚОП” ЖШС ФК (Шымкент қаласы) және турнирді ұйымдастырушылар “АМӨЗ” ЖШС ФК (Атырау қаласы).

Біздің құрама командадан қатысқан ойыншылар –  Арымқұлов М, Маймақов Н., Әбдікәрімов Г., Балабеков М., Ваганов А., Дербісбаев Г., Қалдыкөзов Б, Кубанов Н., Корниенко Д., Қайырбеков Т., Морунов Е., Пак А., Романенко В., Сафронов Д., Сүгірбаев Т., Төлембетов Н. және команданың жаттықтырушысы – Зайцев Игорь Николаевич.

Барлық командалар абыройлы ойын көрсетті, бірақ ақтық сайысқа ең мықтылары – “ПҚОП” пен “АМӨЗ” шықты. Екі команданың көрсеткіштері барлық жағынан тепе-тең түсті, тіпті қақпаға соққан және жіберіп алған доптарының саны да бірдей болды! Демек, бұл командалардың арасындағы қорытынды ойын таза парақтан басталды. Футболдың періштесі АМӨЗ командасына шырай беріп, екінші таймда атыраулықтар 2:1 есебімен ұтты. 

Біздің еншімізге тек екінші орын тигеніне қарамастан, біздің «ПҚОП» командасы турнирдің бірден бір қонағы бола тұрып, мықты командалық рухымен, қызықты тактикасымен және қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Команданың әр ойыншысына спортта үлкен жетістіктерге жету туралы тілектермен бірге құрмет грамоталары тапсырылды!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz