/**/

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ОПЕРАТОР

ДОСХАН ҚҰЛМАШЕВ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ОПЕРАТОР АТАҒЫН ИЕЛЕНУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ 

Құмкөл кенішінде 28 қараша күні «ПетроҚазақстан» жастары арасындағы «мұнай және газ өндіру жөніндегі үздік оператор» атағын иеленуге байланысты өткізілген кәсіби шеберлік конкурсы болып өтті. Аталған мамандық –  біздің компаниядағы басты мамандықтардың бірі.

Қазақстандағы Жастар жылы мен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған бұл конкурс әрбір қатысушы үшін екі есе мән-маңызға ие оқиға болып болып отыр. 12 мұнай және газ өндіру операторы өз күштерін байқап көруді ұйғарған болатын – және олар жаңылысқан жоқ. Өйткені, шындап келгенде бұл өзіңді танытудың, өркендеп-дамудың жаңа көкжиектерін ашу деген сөз.

Конкурсқа жас шамасы 29 жасқа дейінгі (29 жасты қоса алғандағы) 12 жас оператор қатысты, олар: Ағымбаев Алтынбек, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Аққоянов Жеңісбек, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Балманов Нұрболат, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Әбдімүталіп Нұрсұлтан, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Қалмаханов Нұрбол, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Кенжебеков Ержан, Арысқұм кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Кеулімжаев Жеңіс, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Құлмашев Досхан, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Қыдырбаев Мақсат, Оңтүстік-Шығыс Қызылқия кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Тәшкенбаев Жандос, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Тұрлыбаев Ерлан, Арысқұм кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы; Шынбергенов Серікбол, 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы.

Қатысушылардың жұмысын Конкурстық комиссия мен сараптама тобы бағалады. Конкурстық комиссияның құрамына кірген басшылар: Брюс Андерсон, Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары; Есіркепова Бақытгүл, Өндірістік қызметтер жөніндегі директордың орынбасары; Хун Яньчунь,  Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары; Жолдыбаев Нұрәділ,  Кеніштегі өндіру технологиясы жөніндегі бөлімнің бастығы, Бекжанов Ербол,  ЕҚжЕҚ тобының жетекшісі. 

Сараптама тобының құрамына мыналар енген болатын: еңбекті нормалау жөніндегі топ жетекшісі Әліпбаев Нұрлан, техникалық қызмет көрсету басқарамасы тобның жетекшісі Нұрқышев Әділбек, технологиялық бөлімнің жетекші инженер-технологы Асанов Нұрлан,  материалдар мен шығындарды бақылау тобының жетекші инженер-механигі Тұрбашов Бақытбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Ахметов Құрманбек.

Конкурсты аша келе қатысушыларды өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Брюс Андерсон мырза мен өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Хун Яньчунь мырза құттықтады.

– Конкурста сіздерге өз әлеуеттеріңізді таныту мен кәсіби шеберліктеріңізді паш етудің тамаша мүмкіндігі берілгелі отыр, — деп атап өтті Брюс Андерсон. — Өзім де мұнайшы мансабын оператор лауазымынан бастаған болатынмын. Сіздердің әрқайсыңызға тамаша өнер көрсетуді тілейміз! 

Өз кезегінде Хун Яньчунь мырза осы сияқты іс-шаралардың құндылығы жұмысшы мамандықтарының абырой-беделінің арта түсуімен және конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберліктерін дамыту үшін тамаша мүмкіндік болып табылатындығымен байланысты екендігін атап өтті.

Конкурстық бағдарлама теориялық және практикалық сатылардан құралды. Кәсіптік білімдер мен құзіреттілік, өндіріс технологиясы, жабдықтарды пайдаланудың қағидалары  мен технологиялық сипаттамалары   саласына қатысты сұрақтарды қамтитын 20 сауалдан жасақталған тест сынағына қатысушылар аса қиналған жоқ. Баллдың ең көп саны – 10.

Практикалық бөлім барысында қатысушылар кәсіби құзіреттерінің ауқымына кіретін тапсырманы орындауы тиіс болатын. «Сағалық тығыздағыштың жоғарғы және жұмыс камераларының манжеттерін ауыстыру» деп аталатын тапсырма күнделікті жұмыста кездесіп тұрады, үздік атағынан үміткер әрбір оператор айқын білуі тиіс.

Әділқазылар жабдықтармен жүргізілетін жұмыс бойынша барлық қажетті іс-қимылдардың орындалуын ғана емес, сонымен бірге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын да бағалады. Тапсырманы орындағаны үшін қойылатын ең көп баға – 10 балл.

Кәсіби шеберлік конкурсы қатысушылардан спорттық дайындықты талап етпейді, бірақ мұнайшыларға да спортшылар сияқты толқу үстінде секундтар мен ұпайларды санауға тура келеді. Операторлардың әрбірі өздерінің білім-біліктерін танытып қана қоймай, қатаң түрде белгіленген уақыт ішінде әбжіл қимылдап, үлгеруі керек. «Бәріне де қойылатын талап бірдей. Кімнің тәжірибесі, дағдылары жетік, және кім өз бойындағы толқуға ие бола алады, сол жеңіп шығады. Әрбір қате – бұл хаттамаға енгізілген теріс баға», – деп қуаттай түседі сараптама тобының мүшесі Нұрлан Әліпбаев.

Конкурсқа қатысудан алған әсерлерімен конкурсқа қатысушылардың өздері ой-пікір бөлісті. Мұнай және газ өндіру операторы Досхан Құлмашев былайша атап өтті, яғни конкурстың өткізілуі кезінде оны тек толқу сезімі сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін екен: – «Өзімнің күнделікті жұмысымды орындау мәселесіне келетін болсақ пәлендей қиын ештеңе жоқ, ал саған баға берілер кезде – бұл енді басқаша болмақ. Сол себепті мен жан-жақты жаттығып, конкурсқа мұқият дайындалдым».

Мұнай және газ өндіру операторы Тәшкенбаев Жандос өз ойын төмендегіше жеткізді:  «Конкурсқа қатысу жайлы шешім қабылдағаныма еш өкінбеймін, мұны кәсіби тұрғыдан өсіп-өркендеуге деген жаңаша ынталандыру ретінде бағалаймын».

Кәсіби шеберлік конкурстарының қорытындыларын шығара келе, қатысушылардың барлығы да керемет нәтижелер көрсетті деп атап көрсетуге болады, ал бұл дегеніңіз өндіріс ісі сенімді қолда дегенді білдіреді! 

Екі кезеңнің қорытындылары бойынша мұнай және газ өндіру жөніндегі үздік жас оператор болып 19,5 балл жинаған Құмкөл кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы Құлмашев Досхан танылды. Екінші орынға 18 балл иесі атанған Құмкөл кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы Балманов Нұрболат жайғасты. Және үшінші жүлделі орынды Арысқұм кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы Тұрлыбаев Ерлан еншіледі.

Конкурстың жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға – естелік сыйлықтар табыс етілді.

Еңбек сүйгіштік, ізгілікті қарым-қатынас іспетті құндылықтарды санаға сіңіріп, өзін-өзі дамыту мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағыт-бағдар бергені үшін жас мамандардың ата-аналары да алғыс хаттармен және Ирина Серкебаеваның авторлығымен жарық көрген «Бибігүл Төлегенова: сүйспеншілік, үміт және сенім» атты естеліктер кітабымен марапатталды. 

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі

«ПҚҚР» АҚ

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz