/**/

Мөлдір мұнай

Мұнайшыларға бизнесі айқын емес деген кінә жиі-жиі тағылады. Әсіресе шетелдіктер қатысатын компанияларға көп кінә тағылады. Сондықтан салауатты бизнес-ахуалды қалыптастыруда басымдықтарын айқындық пен тиімділік деп атауға болатын компаниялардың бағасы мейлінше арта түседі.

Өткен аптада «ПетроҚазақстан» компаниясы отандық іскерлік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін өндіріспен және өзінің бизнес жүргізу әдістерімен таныстырды. Тілшілер отырған микроавтобус таңертең ерте Қызылордадан Құмкөл кен орнына бет алды. Қызылорда облысының шеткіз-шексіз кең жазығын кесіп бір-екі сағат жол жүргеннен кейін қиыр дала ешқашан таусылмайтындай көрінді. Бір кезде жүргізушінің даусы естілді: «Жазира. Келдік!»

Көк жазира «Вахта-40» деген маңдайшасы бар қалашық болып шықты. Бұл компанияның барлық кен орындарының жұмыскерлері қоныстанған вахталық қалашық екен. Бізге компанияның өкілдері айтқандай, осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Құмкөл кен орнына алғашқы 40 мұнайшы келіпті, «Вахта-40» деген атау содан шыққан. Бүгін қалашықта 3 мыңға жуық маман тұрады. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР, компанияның өндіруші бөлімшесі) өзінің жұмыскерлері үшін барлық жағдайды жасаған: қалашықта спортзал, медпункт пен асхана бар.

Компанияның барлық кен орындарында қазіргі заманға сай күрделі құрал-жабдық жұмыс істейді. Кен орындарын іске пайдалану жөніндегі директор Жу Фумин түсіндіргендей, мұнда мұнай айдайтын қондырғылар, сорғы станциялары, өлшеу жабдығы шоғырланған. Бүкіл жүйе және әрбір үдеріс автоматтандырылған, бұған мониторға шығарылған суретті көрген журналистердің көзі жетті.

Өлшем жасау қондырғыларында жер қойнауынан шығарылған сұйықтықтың құрамындағы мұнайдың, су мен газдың деңгейі айқындалғаннан кейін сепарациялау үдерісі басталады. Содан кейін бөлініп шыққан бөлшектер арнайы қондырғыларға жіберіледі. Қысымды ұстап тұру үшін су жер қатына кері айдалады, ал мұнай кешенді дайындау мен қайта айдау цехына түседі де, сол жерден оның қомақты бөлігі Шымкент мұнай өңдеу зауытына өңделуге жөнелтіледі. Ілеспе мұнай газы пайда жарату жөніндегі орталықтандырылған цехқа жіберіледі. Бүгін ПҚҚР компаниясында құрылған өндірістік қуаттылықтар электр қуатын шығару, газды жер қатына кері айдау және мұнай дайындауға арналған қондырғылардың жұмысын қамтамасыз ету үшін газды өз мұқтаждарына пайдалану жолымен ілеспе газды пайдаға жаратуға мүмкіндік береді. Қазақстанда газды пайдаға жарату бағдарламасын алғашқылардың бірі болып бастап, «ПетроҚазақстан» бүгін газдың 95%-ын пайдаға жаратады. Аймақта электр қуатын өндіретін газды-турбиналы қондырғыны кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың соңына дейін екі турбина іске пайдалануға енгізіледі де, қондырғының қуаттылығы қазіргі 55-тен 80 МВт/сағатқа дейін артады. Бұл шаралар компанияның газды пайдаға жарату бойынша жұмыстарды аяқтауына, сөйтіп, өзіне қабылдаған міндеттемелерін толық орындап шығуына мүмкіндік береді.

«&» тілшісіне «ПҚҚР» АҚ-ның басқарма төрағасы Фан Цзячжун айтып бергендей,  2010 жылы жаңа блоктардағы жұмыс барысында мұнай қорлары тағы да 23 млн тоннаға артады деп күтілуде. Бүгін компания қара алтынды 11 кен орнында өндіруде. Қолданыстағы 475 ұңғыманың 37-сінен мұнай атқылайды, ал қалғандары бұрандалы сорғылық қондырғылардың көмегімен жұмыс істейді. «Өздеріңіз білесіздер, біз жұмыс істейтін кен орындарының жұмыс істегеніне едәуір уақыт болды, сондықтан қазір өндіру көлемі табиғи иүрде кемуде, – деп атап өтті ол. – Бірақ біз жаңа кен орындарын ашудан үміттіміз, және солардың есебінен жылдық өндіру көлемін 2015 жылға дейін 3 млн тонна деңгейінде ұстап тұруды жоспарлап отырмыз» (2009 жылы ПҚҚР 3,1 млн тонна мұнай өндірді. – «&»).

Тиімділік, әлеуметтік жауапкершілік және айқындық қағидаларын ұстануының нәтижесінде «ПетроҚазақстан» компаниясы еліміздің мұнай-газ компанияларының арасында лайықты 4-ші орынды алады, ал 2009 жылы и «ҚазЭнерджи» қауымдастығының жоғары сыйлығы – «Алтын Прометейге» ие болды. Компанияның бизнес жүргізу қағидалары туралы толық мәлімет – «&» басылымының келесі сандарында.

/Әсел Маратова/

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz