/**/

Олимпиада жүлдегерлерімен кездесу

Жаздың аяғына таман Қытай Халық Республикасында өткен Олимпиядалық ойындарға бүкіл әлем ықыласпен назар аударып отырды. Қазақстан Республикасының құрамасының спортшылары айтарлықтай өнер көрсетіп, Отанымызға көптеген наградалар әкелді. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары да бар. ПКОП ЖШС басшылығы өздерінің жерлестерін Олимпиадалық ойындарға қатысып, табысқа қол жеткізгендері үшін ынталандыру туралы шешім қабылдады. Бокс бойынша қола жүлдегер Еркебұлан Шыналиев, еркін күрес бойынша қола жүлдегер Елена Шалыгина және ауыр атлетика бойынша күміс жүлдегер Алла Важенина ПКОП ЖШСна шақырылды. ПКОП ЖШС коммерция жөніндегі Вице-презиеднті А.Н. Акишев мырза және ПКОП ЖШС өндіріс жөніндегі Вице-президенті Цзян Ши мырза салтанатты түрде компания атынан әр спортшыға 1 000 000 теңгеден тапсырды және әлемдік Ойын алаңдарында спорттық табыстар тіледі. Сондай-ақ, жүлдегерлердің жаттықтырушыларына ПКОП ЖШС атынан сыйлықтар табыс етілді. Спортшылар мен жаттықтырушылар келесі Олимпиадаларда Қазақстан Республикасы үшін алтын медальдарға жетуге бар күштерін салатындарына уәде берді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz