Наурыз көктем мерекесі қарсаңында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы азық-түлік пакеттерді тарату бойынша дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізді. Оларға тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы аналар, мүгедектер және тағы басқалар ие болды. Компанияның осы акцияны қатарынан он жыл бойы жүргізіп келгенін атап өтейік. Осы жылдың наурыздық акциясы Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының және Қызылорда қаласының 250 тұрмысы төмен тұрғындарын қамтыды.
«ПҚҚР» ұйымдастырған осы акция аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәселелердің бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді. Өткен жылдан бастап компания осындай азық-түлік пакеттерді зейнеткерлер мен мүгедектерге беруді бастады.
Махмуд БАЙХОДЖАЕВ