/**/

«ПетроҚазақстанның» стипендиаттары диплом алды

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпаққа білім беру мәселесіне орасан зор көңіл бөлінген. Осыған байланысты «ПетроҚазақстан» компаниясы мемлекеттің оңды қадамдарын түгелдей қолдайды да, қазіргі сәттегі экономикалық дағдарыс кезеңінде бетпе-бет келіп отырған қиындықтарға қарамастан, Қызылорда облысының дарынды жастарына қолдау көрсету бағдарламасын жалғастырып, кәсіпқойлығы жоғары әрі жақсы білімді кадрларды қалыптастыру ісіне өзінің үлесін қосып келеді.

            Осыған орай сәрсенбі күні Қызылорда облысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниясының Стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанындағы «Дидар» оркестры өнер көрсеткеннен кейін сөз облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уайысқа берілді. Ол өз кезегінде стипендиаттарды облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың атынан құттықтап, жылы лебіз білдірді. «Қазір алдымызда тұрған бүгінгі мектеп түлектерінің білікті маман болып оралатынына біз сенімдіміз», – деді ол.

            Содан кейін еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі вице-президент Синь Чжунлинь ханым сөз сөйледі: «Бүгін бізде өте қуанышты оқиға болып отыр. Бір жағынан біздің 2005 жылғы тұңғыш стипендиаттарымыз университеттерін бітіріп, күрделі бизнес пен қаржы-қаражат әлеміне есік ашатын дипломдарды иеленді. Ал екінші жағынан біз 2009 жылғы жеңімпаз стипендиаттарымызды Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттеріне оқуға жіберіп отырмыз.

Біз стипендиялық бағдарламаның алғашқы жылының жеңімпаз түлектері Бекжанов Мұратты, Бисенбаев Талғатты, Дәрменов Азатты, Жарымбетова Жанарды, Ионычева Натальяны, Кәрімбаева Әйгерімді, Кұдалша Аймұратты, Рысдаулетова Айнараны құттықтап, қош келдіңдер демекпіз. Олар өздерінің еңбектегі алғашқы қадамдарын біздің компанияда жасамақ. Сендер біздің бизнестің дамуына және Қызылорда облысының өркендеуіне өз үлестеріңді қосасыңдар.

            2009 жылдың стипендиаттарына мен өмір жолдарында жаңа жетістіктерге жетуді тілеймін. 13 студенттің бәрі де облыс жастарының ең үздік әрі ең жарқын өкілдері болып табылады. Сендерге білім алып, Қызылорда облысына оралғаннан кейін біздің саладағы теориялық білімі бар, сондай-ақ бүгінгі жағдайларда жұмыс істеудегі іс-тәжірибелік машықтарды меңгерген жоғары сыныпты мамандар болуға бірегей мүмкіндік берілді. Енді міне, бүгін сендерге қарап мен компанияның болашағын көремін. Бәріңе сәттілік тілеймін».

            Осыдан кейін сахнаға шыққан жеңімпаз стипендиаттар оған гүл шоғын сыйлады. Ал 2009 жылдың жеңімпаздарына Синь Чжунлинь ханым компанияның атынан ноутбуктар мен сертификаттар тапсырды.

Стипендиаттар – тұңғыш қарлығаштар да өздерінің шын көңілден шыққан жылы лебіздерін жасырып қалмады. Канаданың Калгари қаласындағы университеттің 2009 жылғы түлегі Наталья Ионычева: «Бізге, қызылордалық жігіттер мен қыздарға Қазақстанның, Қытай мен Канаданың ең үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік бергені үшін «ПетроҚазақстан» компаниясына шын жүректен үлкен алғыс білдіргім келеді. Мен өзімнің отбасыма, достарыма, компанияға осы жылдар бойында қолдау көрсетіп, қамқорлық жасағаны үшін шексіз ризамын. Канадада өткізген төрт жыл оқу мерзімі өзімнің мамандығым бойынша қажетті білім алып, құнды машықтарды игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, менің жеке тұлға ретінде әрі ересек адам ретінде қалыптасуыма да үлкен оңды ықпал еткенін атап өткім келеді. 2009 жылғы стипендиялық бағдарламаның жеңімпаздарына оқуда табыс, ал өмірде сәттілік тілеймін! Алдарыңа биік мақсат қойыңдар да, оған жету үшін бар күштеріңді салыңдар, талмай еңбек етіңдер, сонда еңбектерің міндетті түрде жемісін береді».

Алматы қаласындағы Қазақ-Британиялық Техникалық Университетінің түлегі: «Осы Стипендиялық бағдарлама Қызылорда облысының жастарына орасан зор қолдау көрсетеді. Қазақстан мен Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында әркімнің-ақ оқысы келеді емес пе. Осы бағдарламаның арқасында біздің армандарымыз орындалуда. Ал осы бағдарлама бойынша оқып жатқан өзімнің барлық жерлестеріме қиын да қызықты студенттік өмірде сәттілік тілегім келеді. Стипендиялық бағдарламаны әзірлеп, іске асырғаны үшін «ПетроҚазақстан» компаниясына көп-көп рақмет».

Ш. БЕКБАН

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz