/**/

«ПетроҚазақстан» жүлдесі үшін өткен баскетбол жарыстары

Үстіміздегі жылдың 31 наурызынан бастап 6 сәуірін қоса алған кезеңде Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасындағы баскетболдан дәстүрлі турнир болып өтті.

Міне, 16 жылдан бері бозбалалар мен қыздар арасында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Кубогы мен жүлделеріне арналған баскетболдан жарыстар өткізіліп келеді. «ПетроҚазақстан»спорт кешенінің паркетіне барлығы 14 команда шықты: олар Хромтау, Талдықорған, Текелі, Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен Қызылорда облысының Шиелі, Қармақшы және Жаңақорған аудандарынан келген 7 бозбалалар мен 7 қыздар командалары еді.

Бұл спорт оқиғасының басты мақсаты мектеп оқушыларын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысып тұруға тарту, қол бос уақытты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, маскүнемдік және нашақорлық көріністерінің алдын алу мен олардан сақтандыру болды. 

Баскетбол турнирі  жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсіміне Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы С. Мұстафаев пен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вице-президенті Чэнь Да Ю қатысты.

Финалдық ойындардың қорытындылары бойынша бозбалалар арасында дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» орта мектебінің командасы алға шықса, екінші орынға Алматы облысы Талдықорған қаласының командасы ие болды, үшінші орын Шиелі ауданының командасына бұйырды.

Қыздар арасында үздіктер болып Қызылорда қаласының құрама командасы танылса, екінші және үшінші орындарды Алматы облысы Текелі қаласының және Жаңақорған ауданының командалары бөлісті.

Үздік ойыншылар болып аталғандар: Мәлік Алтаев (Талдықорған қ.), Ғалым Шәріпов (Қызылорда қ.), Ғалия Жанаева (Қызылорда қ.) және Дидар Жеңісбек (Текелі қ.).

Бозбалалар мен қыздарды жарысқа әзірлеу жөніндегі үздік бапкерлер болып О. Ким (дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» орта мектебінің командасы, Қызылорда қ.), А. Аязбаев (Талдықорған қ. командасы, Алматы облысы), А. Когай (Шиелі ауданының командасы), К. Қобыланды (Текелі қ. командасы, Алматы облысы) және К. Айдаров (Жаңақорған ауданының командасы) танылды. Төрешілер арасында үздіктер болып Н. Дәукенов, Б.Батырбеков, А.Жавзмагин және Д. Мұсаева аталып өтілді.

Турнирдің жеңімпаздары мен номинанттарына Кубоктарды және бағалы сыйлықтарды тапсыра келе «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вице-президенті Чэнь Да Ю жеңіс иелерін қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, басқа қалалардан келген командалар мен олардың тәлімгерлеріне баскетбол турниріне қызығушылық танытқандықтары үшін алғыс білдірді және барлық оқушыларға оқуда табыс тіледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz