/**/

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ АРАСЫНДА МИНИ-ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ АРАСЫНДА МИНИ-ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Үстіміздегі жылдың 6 сәуірінде «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде «ПҚҚР» АҚ-ның бөлімшелері арасында ҚР Отан қорғаушы Күніне орай мини-футболдан жыл сайын өтіп тұратын сегізінші дәстүрлі турнир болып өтті. Футбол залында 6 команда кездесті. Олар мына командалар еді – «МГӨЦ» (команда құрамы: Тобашов Бағдатбек, Бақытбекулы Диас, Агильский Манас, Сейітханов Азамат, Төлегенов Бекұлан, Төлегенов Айдос, Аққоянов Жеңісбек, Әжікенов Ерлан, Құсаев Нұрбол), “ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ” (команда құрамы: Нұрқожаев Ғабит, Иноятов Мұрат, Байзақов Диас, Исламбек Асан, Мұхамедов Болат, Әлайдар Елдос, Сүлеев Мадияр, Кенбаев Бағдат, Жүнісов Қайрат), “ОИҚ” (команда құрамы: Қарымсақов Әлішер, Сейітқасым Нұрсұлтан, Шәденов Темірлан, Қалтаев Абай, Өндірбаев Мұрат, Құдалша Аймұрат, Жасекенов Ермек, Бақыт Нұрсұлтан), “МРБ” (команда құрамы: Ғалымжанұлы Әлімжан, Жүнісов Аманбек, Әліпбаев Амангелді, Тобашев Еркін, Орынбаев Мұхамед-Әли, Жанзақов Әди, Мұратбаев Сұлтан, Артықов Алдаберген), “ОФИС” (команда құрамы: Молдабеков, Әділжан, Ерубаев Есенгелді, Дербісәлі Нұрәли, Зинабдинов Санжар, Досмағанбетов Рауанхан, Мүсілімов Бағлан, Шерехан Олжас, Ибрагим Қайрат) және “ЖОБАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ” (команда құрамы: Исматуллаев Руслан, Серікбаев Айбол, Нұрманов Олжас, Омартаев Ғабит, Рахат Досманбетов, Шеңгелбай Нұрбол, Ахметов Исатай, Жорабеков Асылбек).

Жарыстың корпоративтік мәртебесіне қарамастан, паркет еденнің үстінде қызу сайыс жүріп жатты. Уайым, қызба мінез, жеңістер қуанышы мен ащы жеңілістер өкініші. Енді бәрін рет-ретімен баяндайық.

Турнирдің алдын ала кезеңінде қатысушылар үш командадан екі топқа бөлінді. «А» тобында «МРБ», «Өндіру технологиясы» және «ОИҚ» командалары кездессе, «В» тобында «МГӨЦ», «Офис» және «Жобалау департаменті» өзара күш сынасты.

Күткендегідей, қызу сайыстар барлығына да оңай болған жоқ. Қатысушы командалар түгелдей дерлік лайықты ойын деңгейін танытып, жеңіске деген құлшынысты паш етті. Екі топта қызықты ахуал қалыптасты: яғни, «А» тобында жеңіске үміткер «МРБ» және «Өндіру технологиясы» командалары бақ сынасып, нәтижесінде 2:1 есебімен «МРБ» командасы жеңіске жетті. «В» тобындағы «МГӨЦ» және «Офис» командалары арасында өткен ойында, «қалалық» футболшылар «құмкөлдіктерден» 5:4 есебімен озып алға шықты. Сонымен, іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша жартылай финалға «МРБ», «Өндіру технологиясы», «МГӨЦ», «Офис» командалары шықты. Футбол тағдыры бұл командаларды финал ойындарында алдағы кезде тағы да жолықтырмақ.

Осы арада айта кетер күтпеген нәрсе, жанкүйердің делебесін қоздырып, көңіл желпінтетін барлық қызықты ойындар кейінгі уақытқа қалыпты. Плей-офф матчтары айрықша ширыққан тосын қимылмен өрби түсіп, ерекше қызғылықты өтті. Әрбір ойын жанкүйерлердің у-шуына толы әрі болжап білмейтін бәсекелестік жағдайында өрістеді. Алғашқы жартылай финалда «МРБ» және «МГӨЦ» бір-біріне оңайлықпен беріспеді. Қарсыластар алма-кезек алға шығып отырды. Кісі сүйсінерлік әдемі ойын тәсілдері мен тәуір соғылған голдар көп болды. Артық соғылған бір гол көрсеткіші бойынша «МРБ» командасы қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, финалға өтті. Бірінші финалист айқындалды.

Екінші жартылай финалда, «Өндіру технологиясы» және «Офис» командалары арасындағы жарыс тайталасы «Өндіру технологиясы» командасының пайдасына шешіліп, ол аз ғана 4:3 есеп айырмасымен бәсекелесінен қол созым жердегі жеңісті жұлып алды. Финалдық ысқырық естілген соң екінші финалист анықталды.

Көпшілік көптен күткен финалдың алдында 3-ші орын үшін матч болып өтті, бұл ойында «МГӨЦ» және «Офис» командалары тағы да кездесті. Өткізілген бұл қарымта матчта «МГӨЦ» командасы 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Міне финал да келіп жетті. Қарасы қалың жанкүйер қауымға бірімен-бірі көптен бері қарсыластар мәнерінде танылып келе жатқан жеңіске бірден-бір үміткер екі команданың жолдары осылайша түйісті. Шешуші матчқа «жеңіп шығу үшін доп соғу керек» ұранымен шыққан «Өндіру технологиясы» командасы тәжірибелі әрі қайтпас қарсылас – «МРБ» командасын жол беруге мәжбүр етіп, 6:2 есебі бойынша ірі жеңісті еншіледі. Турнирдің бас кубогын «Өндіру технологиясы» командасы жеңіп алды.

Жарыстың жабылу салтанатында жүлдегерлерді күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Болат Көшербаев құттықтады. Өзінің құттықтау лебізінде Болат Елеуұлы командалардың тыңғылықты дәрежедегі спорттық дайындығын және жекелей қатысушылардың жарыста лайықты өнер көрсеткендігін баса атап өтті.

Турнир жеңімпаздары мен номинация иегерлері дипломдар бағалы сыйлықтар иеленді. І орын үшін – электр самаурын, ІІ орын үшін – фитнес-білезік, ІІІ орын үшін – тағамдық термос.

Жекелей атаулы жүлделер Диас Байзақовқа (Өндіру технологиясы, номинация «Үздік ойыншы» номинациясы),  Нұрәлі Дербісәліге (Офис, «Үздік қорғаушы»), Бекұлан Төлегеновке (МГӨЦ, «Үздік шабуылшы-сұрмерген»), Әлімжан Ғалымжанұлына (МРБ, «Үздік қақпашы»)бұйырды.

Турнир қатысушыларын кәсіподақ комитетінен арнайы белгіленген ақшалай сыйақы өзгеше түрде қуантып тастады. Барлық алты командаға да салауатты өмір салты жолындағы белсенді ойындары үшін 20 000 теңгеден тапсырылды.

Турнир ойдағыдай болды, турнир есте қалды, турнир өтті… Ал бұл дегеніміз – алда әлі талай жарыстар, көпшілік болып бірге жиналып, сүйікті ойындарды белсеніп тұрып ойнайтын жаңаша мүмкіндіктер күтіп тұр деген сөз.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz