«ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің 2018 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды
БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ мұнай өнімдерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын энергетика секторындағы кәсіпорындар тобы, оның акционерлері – «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ» (33%). Топтың барлау мен өндіру бойынша барлық операциялары Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде және Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында шоғырланған. Топ әр түрлі игеру кезеңіндегі кен орындардағы үлеске ие. Өндірілетін өнімдердің көпшілігі ішкі нарыққа жеткізіледі, шикі мұнайдың экспорты Қытай және Өзбекстан бағыттарымен жүзеге асырылады.
Негізгі еншілес кәсіпорындары: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (100%), «Көлжан» ЖШС (100%), «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (100%), «Торғай Петролеум» АҚ (50%), «Қазгермұнай» БК» ЖШС (50%), сондай-ақ өзге заңды тұлғалар. Топ 1057 лицензиясындағы («Көлжан» ЖШС және «SSM Oil» ЖШС бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне және 951Д лицензиясындағы («ПетроКазахстан Венчерс Инк.» және «Ориент Петролеум (Сентрал Эйжа) Лтд.» бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне ие. 2018 жылдың барысында 88 ұңғыма бұрғыланған, соның ішінде 67 ұңғыма бақыланбалы өндіру бөлімшесімен, және 21 ұңғыма «Қазгермұнай» БК» ЖШС-мен бұрғыланды. Бұрғыланған 88 ұңғыманың 21-і барлау және бағалау, ал 67-сі – тәжірибелі және пайдалану ұңғымалары болып табылады.
ПҚИ тобы өзінің акционерлерімен 2018 жылға бекітілген жоспарланған өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізді. Жалпы өндіру көлемі 4836 мың тоннаны құрады, бұл бюджетпен бекітілген деңгейден (4694 мың тонна) 142 мың тоннаға асты. Топ шикі мұнайдың шамамен 84%-ын ішкі нарыққа жеткізеді, бұл экспортқа қарағанда азырақ таза табыс түсіреді. Алайда, операциялық шығындарды кәмілдірек бақылау, сауатты корпоративтік басқару, өнімдердің тиімдірек өзіндік құны мен өткізу бағасы арқасында 2018 жылы Топтың пайдасы 2017 жылмен салыстырғанда өсті. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания бола тұра, ПҚИ өндіру бөлімшесі (Бірлескен Кәсіпорындарды қоса алғанда) түрлі әлеуметтік жобаларға 6,6 млн. долларын инвестициялады.
ПҚИ өндіру бөлімшесі өндіру көлемінің төмендеуі, жоғары суландырылу деңгейі, жоғары операциялық шығындар мен ішкі нарықтағы сатулар көлемінің жоғары деңгейі сияқты қиыншылықтарға тап болғанына қарамастан, ПҚИ басшылығы болашаққа зор үмітпен қарайды және табысты барлау, қорлардың өсуі және барлық операциялар мен өндіруді заңнама мен озық тәжірибеге сәйкес жүргізу есебінен энергия ресурстарын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге талпынуда. Қорлардың өсуі, жаңа блоктарды сатып алу, жаңа объектілерді барлауға рұқсат алу, қолданыстағы аумақтарды кеңейту және сәтті барлама бұрғылау компанияның басымдықты ұзақ-мерзімді міндеттері болып табылады.
ӨҢДЕУ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) – Түркістан облысындағы Шымкент қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауыты. 1985 жылы салынған зауыт Қазақстандағы үш МӨЗ арасында ең жаңасы болып келеді. Зауыт Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерінің жалпы өндіру көлемінің, шамамен, 30% мөлшерін қамтамасыз етеді. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының және «CNPC» Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының тарапынан тепе-теңдік негізінде басқарылады.
Еске салайық, 2018 жылы басты мақсаты отынның сапасын К-4, К-5 стандарттарына дейін жақсарту, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі, зауыттың өндірістік қуатын 6 млн. дейін арттыру, Қазақстан нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту болып табылатын ШМӨЗ жаңғырту және қайта құру ауқымды жобасы аяқталды. Шымкент МӨЗ жаңғырту мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыруға салынған инвестиция көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. ШМӨЗ жаңғырту жобасының аяқталуы 2018 жылы Қазақстанның индустриалды дамуындағы басты оқиғалардың бірі болды.
2018 жылғы «ПҚОП» ЖШС мұнай өңдеу көлемі 4 млн. 732 мың тоннаны құрады, бұл ретте мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші 4 млн. 301 тоннаны құрады. Бұның ішінде келесідей мұнай өнімдері өндірілді:
бензин – 1 331 мың тонна;
дизель жанармайы – 1 243 мың тонна;
авиациялық керосин – 270 мың тонна;
сұйылтылған газ – 168,7 мың тонна;
вакуумдық газойль – 461,1 мың тонна;
мазут – 825,8 мың тонна;
техникалық күкірт – 1, 127 мың тонна.
ҚЕҚОҚ
2018 жылы акционерлердің талабы бойынша ҚЕҚОҚ және ҚҚ корпоративтік департаментімен ОГҚ Құмкөл кен орнындағы «пилоттық жобаға» визуалды қауіпсіздік құралдарын ұйымдастыру және басқару рәсімі құрылды және енгізілді. ҚЕҚОҚ бойынша кіріспе нұсқаулық бейнефильмі шығарылды. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарының корпоративтік стандарттары» жасалды. «ҚЕҚОҚ бойынша жеке жауапкершілік карточкасы» және «ҚЕҚОҚ бойынша өмірлік маңызы бар 12 ереже» постерлері жасап шығарылды және таратылды. Өртке қарсы қорғаныстың жүз жылға толуына байланысты, Компанияның 19 қызметкерлері марапатталған «Өртті болдырмағаны үшін» медальдары жасап шығарылды. «Ықтимал қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен іс-әрекеттер жөнінде алдын-ала хабарлағаны үшін қызметкерлерді марапаттау бағдарламасы» аясында, «ПетроҚазақстан» компаниясының 99 қызметкері марапатқа ие болды. Кеңседе макулатураны жинау бойынша экологиялық бағдарлама басталды. «ТЖ кезінде қызметкерлердің негізгі іс-әрекеттері», «Визуалды қауіпсіздік құралдарын басқару процедурасы», «ҚЕҚОҚ басқару жүйесі», «ҚЕҚОҚ бойынша тәуекелдерді бағалау» тақырыптары бойынша Компания қызметкерлерінің арасында ішкі оқыту курстары жүргізілді.
2018 жылы «ПҚҚР» АҚ ҚЕҚОҚ бойынша тәуекелерді бағалау жүргізілді, барысында 693 технологиялық үдеріс, 1472 қауіпті өндірістік факторлар анықталды және олардың салдары бағаланды. ҚЕҚОҚ бойынша 2224 қауіпсіздік мінез-құлық аудиті, 10 ішкі аудиті және 98 тексеріс жүргізілді. 2018 жылдың маусым айында «ПҚҚР» АҚ жолдарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде 2019-2021 жылдарға арналған «ПетроҚазақстан компаниясында жол жүру қауіпісздігін басқару жүйесін жетілдіру Жол картасы» бағдарламасы әзірленуде.
ҚЕҚОҚ айлығы аясында «Ең алдымен қауіпсіздік» конкурсы, ал өртке қарсы қорғаныстың жүз жылға толуына байланысты «Өртті сөндіргеннен, оның алдын алу оңай» тақырыбында конкурс өткізілген болатын. Конкурсқа «ПҚҚР» АҚ өндірістік цехтарынан бөлек «Көлжан» ЖШС, «ПҚОП» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «Торғай Петролеум» ЖШС топтары қатысты. «ПҚҚР» АҚ 2021 жылға дейін жарамды «Ұйымдарда, елді мекендерде және жолға шығатын техникасы бар объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу құқығы жөніндегі куәлік» алды.
Республика жұмыс берушілерінің арасында өткен қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша – «СЕНІМ» «ПҚҚР» АҚ «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясында құрметті бірінші орынға ие болды. Қазақстан мұнай және газ компанияларының алғашқы жыл сайынғы экологиялық жауапкершілік рейтингінің қорытындысы бойынша, Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және БҰҰ Орталық Азия қоршаған орта бағдарламасымен (UNEP CA) серіктестікте «КРЕОН» тобының ұйымдастыруымен және «ПҚҚР» ҚР ЭМ АҚ қолдауымен үшінші орынға ие болды.
Жаңа қондырғылардың іске қосылуына байланысты, 2018 жылы «ПҚОП» ЖШС жаңа 75 жұмыс орындарында қосымша аттестаттау өтті. Сонымен қатар, зауытта қауіпсіз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға, жүргізушілердің қауіпсіз емес іс-әрекеттерін анықтауға және алдын алуға мүмкіндік беретін қауіпсіз көлік жүргізу бойынша мінез-құлық бақылау бағдарламасы іске қосылды. 2018 жылы «АМАН» қауіпсіздік біріктірілген жүйесі жобасының аясында, келесідей номинацияларда марапатқа ие болғандар: «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау үлгілі ұжым» – зауыттың 3 цехы; «Шағын комитеттің ең белсенді қатысушылары» – 12 қызметкер; «ҚТ және ЕҚ саласындағы ең үздік қызметкерлер» – 12 қызметкер; «ҚТ және ЕҚ саласындағы «Үйретуді үйрен» бағдарламасын іске асыра отырып» – 6 қызметкер.
Зауыттың тазарту құрылғыларын жаңғырту жұмыстару аяқталды. «Жабық» және «жер үстіндегі» орындалу нұсқасындағы жабдықтарды қолдану атмосфералық ауада және топырақ жамылғысында залалды заттар шығармайды және жылына 1,5 млн. м3 балғын суын үнемдеуге мүмкіндік береді. Атмосфераға көмірсутектер мен басқа да залалды заттардың шығарылуы 90%-ға дейін қысқартылды, ал шектелген және шектелмеген көмірсутектердің шығарылу көлемі 21%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, ҚР Экология Кодексінің 288 бабынның талаптарына және «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау, жою және жинау жұмыстарын ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес кәсіпорында пайдаланылған тоқ көздерін жинауға арналған контейнерлер және макулатураны жинауға арналған пластикалық урналар орнатылған. Қайта өңдеуге және жоюға 1000 тн. мұнай шламы тасып шығарылды. Кәсіпорынның аумағын көгалдандыру және көркейту аясында, кәсіпорынның аумағында түрлі бұталар мен талдардың сансыз көп көшеттері отырғызылды.
«Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне ҚР ОҚО Еңбек инспекциясының басқаруымен «ПҚОП» ЖШС: «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында марапатталды. «ҚМГ» ҰК» АҚ компаниясының IV-ші Жыл сайынғы Бас Директорлар тобының Форумында – «100% Қауіпсіздік – Еңбек қауіпсіздігі әркімнің жеке мәселесі ретінде» «ПҚОП» ЖШС «20 жыл өлімші оқиғасыз» номинациясында куәлікке ие болды.
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
«ПетроҚазақстан» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты бұрынғыдай тиімділік, орындылық және бірізділік қағидаларына негізделеді,
2018 жылы Компания КӘЖ аясындағы мойнына алған өз міндеттемелерін толығымен орындады.
Негізінде, өткен жылда «ПҚҚР» және «ПҚОП» әлеуметтік жобаларға, шамамен, 175 млн. Теңге бөлген болатын. Жылдың барысында компания әрекет ететін аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға, табысы аз тұрғындарға, жетім балаларды және мүгедек адамдарды, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған ұзақ-мерзімді жобаларды, сондай-ақ, денсаулықты сақтау, мәдениет, өнер және спорт аясындағы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілген болатын.
Төменде компания 2018 жылы Қызылорда, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырған демеулік және қайырымдылық жобаларының біраз мысалдары ғана келтірілген: «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын қолдау, «Атамекен» балалар ауылын қолдау, «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» жобасы, Бибігүл Төлегенқызы атындағы вокалшылар сайысын қолдау, қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» ұлттық сыйақысын қолдау, соғыс және еңбек ардагерлерін қолдау, «Burabike» қайырымдылық велосипед жарысына қатысу (нәтижесінде жиналған ақшалай қаражат Қазақстандағы балалар емханаларын өмірлік маңызы бар қажетті медициналық жабдықпен жабдықтауға бағытталады), табысы аз отбасылардан шыққан 1290 балаларға және компания қызметкерлеріне «Арай Санрайз» балалар лагерінде тегін демалу жолдамаларын ұсыну, жаппай спортты қолдау, компания әрекет ететін аймақтарда алуан түрлі спорт шараларын өткізу және тағы да басқа жобалар.
Сонымен қатар, компания қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша жұмыс жүргізіледі, мысалы, қаржылық көмек бағдарламасы бойынша жоғары білімді алу үшін «ПҚОП» басшылығы жұмыскерлерге 39 шәкіртақы берген болатын. Зауыт жұмыскерлерінің асырауындағы балаларға стипендиялық бағдарлама бойынша 29 шәкіртақы берілген болатын.
«ПҚҚР» және «Көлжан» ЖШС басшылығы 2018-2019 жылдары асыраудағы балаларды оқытуға бағытталған шәкіртақы бағдарламасының аясында 102 шәкіртақы бөлінген.
ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАРАПАТТАР
Компанияның аймақтардың дамуына қосқан үлесі мен «ПҚҚР» АҚ және «ПҚОП» ЖШС қызметкерлерінің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайын бағаланады. Қызметкерлердің 97%-ның Қазақстан азаматтары екендігін атап айтқан жөн.
Кәсіпорын жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – «Бүкіл әлемдік еңбек қорғау күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» конкурсында арнайы дипломмен және жүлдегер кубогымен марапатталды. Өндірістік қызметтің жетістіктері үшін және ШМӨЗ жаңғырту және қайта құру жобасын іске асыруға үлес қосқаны үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы және қызметкерлері мемлекеттік марапаттармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталады.
2018 жылы АҚ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі рейтінгінде, 16 мұнай компанияларының ішінде (мұнай және табиғи газды өндіру көлемі бойынша көшбасшылар) құрметті III орынға ие болды. Басты сайыскерлерді келесі өлшем бойынша салыстырды: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер ету және ақпаратты ашып көрсету/айқындық.
Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерінің арасында жыл сайын өткізілетін қауіпсіздік және еңбекті қорғау аясындағы «СЕНІМ» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ «Ең үздік еңбекті қорғау» номнациясында құрметті I орынға ие болды.