/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» «Алтын жүрек» сыйлығына ұсынылды

Оңтүстік Қазақстан облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін ең ірі өндірістік кәсіпорынның бірі ПетроҚазақстан Компаниясы болып табылады. Сонымен қатар компания үшін аталған аймақтың мұқтаж тұрғындарына – жетім-балаларға, мүгедек-балаларға, ардагерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан талантты, қабілетті балаларға және т.б. әлеуметтік қолдау көрсету ең басты басымдылық болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Жыл қайырымдылық жасаушысы» номинациясы бойынша «Алтын жүрек» сыйлығына ұсынды. «ПКОП» ЖШС-де «ПетроҚазақстан компаниясы тобының қайырымдылық және демеушілік қызметтерін іске асыру туралы ережесі» бекітілген құжатының шеңберінде барлық қайырымдылық іс-шаралары қатаң түрде қадағаланып отырады. Ағымдағы жылы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС әлеуметтік қолдауға шамамен 200 миллион теңге бөлді, оның ішінде 180 млн. теңге ОҚО Әкімияты және ПетроҚазақстан компаниясы басшылығының арасындағы Меморандумға сәйкес, Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округі тұрғындары үшін су құбырын және су өлшеуіштерін (41 млн. теңге) орнатуды аяқтауға, «ОҚО мүгедектерді оңалту орталығы» ММ ғимаратының бөлмелерін жөңдеуге (20 млн. теңге), «Оңтүстік» Қоғамдық қорына әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға (19 млн. теңге) және «ОҚО мобильдік дайындық, азаматтық қорғаныс, апатты және табиғи апаттарды алдын-алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменттің мамандандырылған базасына» ММ су тасқынынан зардап шеккендерге (100 млн.теңге) бөлінді. Біздің компания «Алтын жүрек» сыйлығына номинантталғанын және аймақтағы көптеген мұқтаж адамдарға шын жүректен қайырымдылық көрсетіп жүргендігін біз мақтан тұтамыз.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz