/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс»: Атқарушы кеңестің жаңа құрамын сайлау туралы шешім қабылданды

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) қатысушылары Серіктестіктің Атқарушы кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша кезектен тыс өткізген жалпы жиналысы отырысының нәтижелері бойынша 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Серіктестіктің Атқарушы кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешімге сәйкес: 

• Серіктестіктің Президенті және Атқарушы кеңесінің төрағасы орнына – Қожабаев Ерболат Өмірсерікұлы мырза;

• Серіктестіктің Бірінші вице-президенті және Атқарушы кеңесінің мүшесі орнына – Цзян Жиюань мырза тағайындалды.

 «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытай Ұлттық Мұнагаз Корпорациясы (CNPC) тең негізде басқаратын Серіктестік болып табылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz