«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Азаматтық қорғау туралы заңның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын орындау үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сыйымдылықтар мен аппараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, оларды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және техникалық куәландырудан өткізу мақсатында 2023 жылғы 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтататыны туралы хабарлайды.
Технологиялық қондырғыларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесі ҚР Энергетика министрлігімен келісілген.