/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» арасында Бауырластық ынтымақтастықты орнату туралы келісімге қол қойылды.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» арасында Бауырластық ынтымақтастықты орнату туралы келісімге қол қойылды.

2018 жылғы 8 маусымда Қытайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.М. Мыңбаев пен Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы «CNPC» Басқарма төрағасы Ван Илиньмен кездесуінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» зауыты акционерлердің – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «CNPC» шешімі негізінде Бауырластық туралы келісім жасасты. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Қытай Халық Республикасындағы «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» зауытының қызмет ететін бағдары бір және мұнайөңдейтін технологиялық қондырғылары ұқсас.


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС  мен «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» арасында жасалған келісім достықты, ынтымақтастықты нығайтуға, қондырғыларды пайдалану бойынша достық қарым-қатынаста ақпарат пен тәжірибе алмасуға, кәсіпорындардың энергия тиімділігін арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға, кәсіпорындарда күрделі жөндеуді жоспарлауға және жүргізуге, кәсіпорын аумағын абаттандыруға бағытталған.


Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Petrochine Guangxi Petrochemical Company» екі жаққа да тиімді болып табылатын мәселелер бойынша, тақырыптық машықтанулар мен бірлескен семинарларды ұйымдастыру бойынша, екі жақты достық сапарларын және мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қолданыстағы коммуникациялық технологиялар көмегімен ресми хат алмасу арқылы деректер алмасу үшін мүмкін болатын құралдарды пайдалануға ниетті.


Бауырлас зауыттар арасында Келісім жасасу Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудағы маңызды оқиға болып табылады және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «CNPC» компаниясы арасында достықты және жемісті ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.     

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz