2026 жылғы 05 ақпанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де жұмыскерлер мен жұмыс берушінің әлеуметтік кепілдіктерін, құқықтары мен міндеттерін бекітетін 2026-2029 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды.
Құжат Компанияның әлеуметтік жауапкершілік, еңбек жағдайларын жақсарту және тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын көрсетеді. Жаңа Ұжымдық шартта мыналар қарастырылған:
– Компанияның, кәсіподақтың және жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері:;
– жұмыскерлерге арналған әлеуметтік жеңілдіктер;
– еңбекақы;
– қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар;
– жұмыскерлерді оқыту.
Шартқа қол қою Жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары арасындағы сындарлы диалогтың нәтижесі болды. Тараптар Компания жұмыскерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін растады.
«ПҚОП» ЖШС