2024 жылдың 23 сәуірінде атақты оқу орны – Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Қытай елінің Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, CNPC Орталық Азия және Ресей корпорациясының президенті Биан Дыжы мырза, сонымен қатар ПетроҚазақстан компаниясының президенті Ян Миньюй мырза қатысқан кездесу өтті.
Делегация мектеп басшылығын және оқушыларын 90 жылдық мерейтоймен құттықтап, Қазақстанның өнер мен мәдениетіне қатысты жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
ПетроҚазақстанның екінші акционері, CNPC Орталық Азия және Ресей корпорациясы мекемеге оқушылардың оқу жағдайын жақсартуға 2 млн.тенге сертификат табыстады.
Айта кетейік, ПетроҚазақстан Алматы хореографиялық училищесін 2008 жылдан бастап қолдап келеді. Сол уақыт ішінде жемісті серіктестік шеңберінде іске асырған жобалар аз емес, олардың ішінде шығармашылық жобалар, мектепті абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға байланысты ұйымдық-экономикалық мәселелерді шешу сияқты көптеген жобалар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, компания демеушілігінің арқасында училище хореографиялық оқу орындарының арасында «Өрлеу» халықаралық конкурсын өткізіп жүр. Биыл байқауда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Якутия, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б. мемлекеттерден келген 100-ден астам жас өнерпаз өз өнерлерін көрсетті.
Алматы хореографиялық училищесіне ұзақ уақыт бойы қолдау көрсету арқылы компания, шын мәнінде, елдегі мәдени және білім беру жобаларын дамытуға деген ұмтылысын растауда.