«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің 22.10.2019 ж. №5/3 хаттамасымен бекітілген «ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жария ету қағидаларына сәйкес Қоғам акционерлерінің назарына жеткізіледі.
«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:
10.06.2020 ж. № 131/2 шешім
1. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2020 ж. 10 маусымдағы № 13/2 хаттама.
2. Қоғамның 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы аудиттелген қаржылық есептілігі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін және Заңның 76.4-бабының талабына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жариялансын.
3. Қоғамның 2019 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы түпкілікті дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі анағұрлым кейінгі мерзімге шегерілсін.
4. Қоғамның аудиттелген қаржылық есептілігі назарға алынсын және 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
5. Қоғамның акцияларына 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша дивидендтер есептелініп, төленсін:
5.1. Қоғамның 89 500 000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акцияcына 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша бір жай акцияға шаққанда 50 (елу) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 4 475 000 000,00 (төрт миллиард төрт жүз жетпіс бес миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп төленсін;
5.2. Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес Қоғамның 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акцияcына 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша бір артықшылықты акцияға шаққанда 40 (қырық) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 420 000 000 (төрт жүз жиырма миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелінсін;
5.3. Қоғамның артықшылықты және жай акцияларына 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша есептелген дивидендтерді төлеу 2020 жылдың 25 маусымнан басталсын;
5.4. Қоғамның дивидендтерді алуға құқылы акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша әзірленсін;
5.5. дивидендтерді төлеу таза кірістің есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін;
5.6. Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдында 5 жұмыс күні ішінде (2020 жылғы 18 маусымға дейін) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жариялансын.
6. Қоғам акционерлерінің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының 2019 жылғы әрекеттеріне арыздарының жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.
7. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2019 жылға сыйақылар төленбесін.
8. Қоғамның 3 адамнан құралған санақ комиссиясы Қоғам акционерлерінің келесі жылдық жалпы жиналысында санақ комиссиясы сайланғанға дейін 1 (бір) жылға өкілеттік мерзімімен мына құрамда сайлансын:
1) Лигай Владимир Юрьевич мырза;
2) Айтжанова Шолпан Умирхановна ханым;
3) Чернова Наталья Николаевна ханым.