«Парыз» деп аталған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсында ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз мұнай өндіру бөлімшесіне Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаевтың жоғары бағасы – «Ең жоғары әлеуметтік жауапкершілікті көрсеткен кәсіпорын» номинациясындағы «Парыз 2008» күміс марапаты – берілді. Марапаттау рәсімі Астана қаласында 2008 жылдың 23 желтоқсанында өтті. Бұл «Ең жоғары әлеуметтік жауапкершілікті көрсеткен кәсіпорын» марапатына компания өз қызметкерлеріне демеу көрсету барысындағы әлеуметтік бағдарламалары, оның ішінде еңбек ақысын төлеу, әлеуметтік төлемдер, еңбекті қорғау, мамандарды кәсіптік дайындау және қайта дайындау жүйелері арқасанды ие болды. «Парыз» конкурсына 256 қазақстандық пен шетел компаниялары қатысты.