/**/

“ПетроҚазақстан” ӘМК қатысты

15-19 маусым аралығында Мәскеу қаласында өткен 21-ші Әлемдік Мұнай Конгресінің басты тақырыбы Әлемдік мұнай саласын дамыту болды. Қазақстан жалпы елдің стенді ретінде ұсынылды, ол жерде «KAZENERGY» Ассоциациясының қамқорлығымен Қазақстанның ең ірі 6 мұнайгаз жобасы қатысты – NCOC, ҚМГ, KПO, ТШО, «ПетроҚазақстан» және жаңа жоба – Еуразия. Дүниежүзілік Мұнай Конгресінің қатысушылары мен қонақтарына «ПетроҚазақстан» 2 тұсаукесер өткізді. Қонақтарды «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының Оңтүстік Торғай бассейнінде іздеу және барлау» тақырыбындағы тұсаукесермен геология және геофизика жөніндегі менеджер Ағзам Шарменов таныстырды. Тұсаукесерде «ПетроҚазақстан» компаниясының соңғы 10 жылда геологиялық барлауға 400 млн. АҚШ долларынан аса инвестиция салғандығы, 182 барлау ұңғымаларының бұрғыланғандығы жөнінде ерекше атап өтілді. Бұрғылаудың табыстылығы 65%-75% құрайды. Сонан кейін мұнайгаз секторы бойынша әріптестерге жұртшылыққа ұсынылатын «ПетроҚазақстан» Стипендиялық бағдарламасы – осы бағдарламаның Қызылорда облысының жастарын оқытудағы орны, халықаралық тәжірибе негізінде техникалық мамандықтар алу мүмкіндігі, сондай-ақ халықаралық білім алу саласындағы елдің саясатын жүзеге асырудың жалпы бағыты туралы бейне фильмі ұсынылды. Қазақстандық стендінің қонақтары арасынан ҚР мұнай және газ Министрі Ұзақбай Қарабалинді, Ресейлік «Лукойл» Президенті Вагит Алекперовты, «ТенгизШевройл» бас директоры Тим Миллерді, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» бас директоры Дамиано Раттиді және т.б. атап өту керек. Сонымен қатар Қазақстан стендіне ВНС жаңа төрағасы Джозеф Тотт мырзаның келуін атап өту қажет, ол еліміздің мұнайгаз секторының дамуына қосқан үлестері үшін “KAZENERGY» медальдарымен Миллер мырзаны және Ратти мырзаны марапаттауға қатысты.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz