2025 жылдың желтоқсан айының үшінші онкүндігінде Астанада Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен республикалық «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Бұл беделді байқауда «ПҚОП» ЖШС атынан ТКБ-ның тауар операторы Мадали Абдурахманов «Үздік еңбек әулеті» номинациясында І орынға ие болды.
Біз әріптесіміздің жетістігіне мақтанамыз және оның өнегелі жолы кәсіпорын ұжымын, жас мамандарды жаңа табыстарға жігерлендіріп, саланың дамуына серпін беретініне сенімдіміз.
«Еңбек жолы» конкурсы жыл сайын жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, еңбектің мәртебесін арттыру және ел экономикасына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында өткізіледі.