/**/

«ПКОП» ЖШС 2016-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары

«ПКОП» ЖШС 2016-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары қоршаған ортаны қорғау бойынша Тұрпаттық тізбеге сәйкес әзірленді және оған кіреді:

  • Табиғи газды әрекетті қондырғыларда және ззауыттың жаңғырту және қайта құрастыру объектілерінде пайдалану, соның ішінде газ құбырын салу, жобалық құжаттаманы әзірлеу, әрекеттегі өндіріс пен жаңғырту объектілерінің тұтынушыларына  табиғи газды беру үшін құбырлар мен жабдықтарды сатып алу және құрастыру. Күтілетін артықшылықтар: қондырғылар пештерінен атмосфераға тасталатын зиянды заттар шығарындыларының жылына 225,9 тоннаға төмендеуі, сондай-ақ парниктік газдар  шығарындыларының жылына 46861 тоннаға төмендеуі.  
  • Тазалау құрылғыларын жобалау және салу, тазалаудың  механикалық және физика-химиялық тазалау сатысын қоса, соның ішінде герметикалық орындалған және жер бетінде құрастырылған жаңа тазалау құрылғыларының құрылысы, бұл атмосфера мен жер асты суларының зиянды заттармен ластану тәуекелділігін болдырмайды, тазалау құрылғысының ашық беттерінен атмосфераға  зиянды заттар шығарындыларын жылына 1500 тоннаға дейін азайтады. 
  • Тазартылған өнеркәсіптік ағызындыларды өртке қарсы пайдаланатын су жүйесінде екінші рет пайдалану есебінен тоған-буландырғышқа тасталатын өнеркәсіптік ағызындылар көлемі төмендейді,  соның ішінде тоған-буландырғышқа тасталатын өнеркәсіптік ағызындылар көлемі жыл сайын 400 мың м3 төмендейді. 
  • Мазутталған топырақтарды, зауыт аумағының учаскелерін биологиялық қайта құнарландыру, темірдің  пирофорлық сульфидтерін  қатерсіздендіру, соның ішінде зауыт аумағының мазутталған учаскелерін биологиялық қайта құнарландыру және топыраққа көмірсутек тотықтырғын биомассаны топыраққа қосу, сондай-ақ пирофорлық қосылыстарды қатерсіздендіру.
  • Санитарлық-қорғаныс аймағын көгалдандыру, соның ішінде «ПКОП» ЖШС аумағында санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағына 2500 ағаш көшеттерін отырғызу. 
  • Мұнай шламын және сүзінді мұнай өнімдерін өңдеу бойынша трикантерлік қондырғыны салу, соның ішінде өндіріс қалдықтарын – мұнай шламын орталықтан сыртқа тебуші трикантерлік қондырғыны салу. Бөлу нәтижесінде 3 фаза түзіледі: мұнай, су және қатты қалдық – кек. Шлам жинағыштардың мұнай шламынан босайтынынан басқа,  шлам жинағыштардың бетінен болатын булану жылына 313,78 тоннаға дейін кемиді, сондай-ақ жылына мұнай шламынан айырылып алынған 200 тоннаға дейін мұнай өндіріске кері қайтарылады. 
  • Май толтырылған трансформаторларды құрғақ оқшауламалы трансформаторларға ауыстыру, соның ішінде  қоршаған орта және адамдардың денсаулығы үшін қауіпті құрамында полихлорлы дифенилдері бар (ПХД) май толтырылған трансформаторларды ПХДсыз құрғақ оқшауламалы трансформаторларға ауыстыру. Күтілетін артықшылықтар – экологиялық жағдайды жақсарту, жылына  2000 тоннаға дейін құрамында ПХД бар май толтырылған трансформаторларды өндірістен шығару. 
  • Ионданушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орнындағы радиациялық жағдайды бақылауды қамтамасыз ету. Персоналдың сәулелену деңгейін бақылауды қамтамасыз ету үшін сәулелену дозасының қуатын өлшеу. 
  • Халықаралық стандарт (ISO 14001:2004) талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізу туралы Сертификатты растау үшін қадағалау аудитін және қайта сертификаттауды жүргізу
  • Жер асты суларының күрт төмендеуіне байланысты “ПКОП” ЖШС аумағындағы мұнай өнімдерінің мөлшерін мониторингілеу бойынша  кешенді ізденіс жұмыстарын жүргізу, соның ішінде өнеркәсіптік іс-әрекеттердің жер асты суларына кері әсерін анықтау, жер асты суларының ластану деңгейінің нормативтік көрсеткіштерден жоғарылағанын анықтаған жағдайда жер асты суларының ластануын төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу. 
  • Зауыт қызметкерлерінің экологиялық білім деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту
  • Кәсіпорынның экологиялық проблемалары бойынша жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында Республикалық «Бюллетень эколога» журналында кәсіпорынның экологиялық проблемалары туралы материалдарды жариялау.

«ПКОП» ЖШС өзінің өндірістік іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасына, cондай-ақ  өкілетті министрлікпен келісілген нормативтік рұқсат құжаттамасына сәйкес жүзеге асырады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz