/**/

Премьер ПКОПтағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

ҚазақстанРеспубликасының Премьер–Министрі К. МәсімовОңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) аралады.

Үкімет басшысы өндірістік қызметпен және «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» жобасын жүзеге асыру барысымен танысты.

Зауытта жаңғырту бағдарламасы бойынша жаңа технологиялық тораптардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олар өнімділік қуаты жылына 600 мың тонна изомерлеу қондырғысы, мазут пен вакуумдық газойлді өңдеп, жоғары октанды мотор отынын алуға арналған өнімділік қуаты жылына 2,0 млн RFCC каталитикалық крекинг кешені. 

ПКОПта жаңғырту жобасы екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Кеден Одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 (Еуро-4 пен Еуро-5 аналогтары) экологиялық класты моторлық отынды шығаруды игеру жоспарланып отыр.

Ағымдағы сәтте Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде изомерлеу қондырғысында 6 785 текше метр (67%) бетон құйылды. Қондырғыда  жабдықтың 110 бірлігі (74%) құрастырылып, 3 400  тонна (96%) метал құрылымдарын құрастыру жұмыстары іске асырылды. Тұрба тораптарын дайындау және құбырларды құрастыру жалғасуда. Жоба бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына 1 454 адам тартылды. 

Жаңғыртудың екінші кезеңі зауыттың мұнай өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін көбейтуге және мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға арналады. Бұл кезеңде кәсіпорынның арсеналы «RFCC» каталитикалық крекинг, «Prime G+» бензинді гидротазалау, «Merox» қаныққан және қанықпаған газдардан тазарту, сутектен және т.б. тазарту қондырғыларымен толығатын болады. 

Екінші кезең аяқталғаннан кейін зауытта жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына  2 270 мың тоннаға дейін, дизель отыны – жылына 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотын – жылына 400 мың тоннаға дейін өседі. Жоғары октанды автобензиндердің үлесі 100% құрайтын болады. 

Жоба бойынша барлығы 11 технологиялық қондырғылардың және 29 жалпы зауыт шаруашылығы объектілерінің құрылысы және қайта құрастырылуы көзделіп отыр.

Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы желтоқсанда «нөлден» бастап салынған объекті – өнімділік қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіру қондырғысы пайдалануға берілді. Сол ретте жаңа жұмыс орны ұйымдастырылып, жұмыскерлерді жаңа технологияға оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қондырғы бұрындары алауда өртеліп келген қышқыл газдарды қайта кәдеге асыруға, нақты тазалығы  99,9 % массамен күкірт өндіруге бағытталып отыр.

Кездесу барысында  Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі

зауытты жаңғырту жобасын жүзеге асыру және көзделген жоспарларды уақтылы, сындарлы  шешу үшін бірқатар тапсырмалар берді. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz