ПҚОП-та жоспарлы-сақтық жұмыстар басталды
Шымкент МӨЗ-де («ПҚОП» ЖШС) бүгін жоспарлы-сақтық жұмыстары (ЖСЖ) басталды.
ЖСЖ кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Зауытта жұмыс басталған кезде ішкі нарыққа біркелкі тиеп жөнелтілетін мұнай өнімдерінің барлық желісінің жеткілікті қоры құрылды. Осы ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастыруда.
ПҚОП-та жұмысқа тартылған мердігерлік ұйымдармен ЖСЖ мәселелері бойынша алғашқы мәжіліс өткізілді. Зауыт басшылығы ЖСЖ барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.