/**/

“ПҚОП” ЖШС-ның хабарламасы

Жақында интернетте жарияланған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) ШМӨЗ өндіретін зиянды шығарындыларға қатысты ақпарат аясында, кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін ҚР экономикалық заңнамасына, өзінің экологиялық саясатына, сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген нормативтік-рұқсат құжаттарына сәйкес жүргізетінін хабарлайды. Кәсіпорында санитарлық-қорғау аймағындағы (СҚА) және «Жұлдыз», «Қарабастау», «Қаратөбе» ауылдарындағы бақылау бекеттерінде атмосфералық ауаның жағдайына кесте бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. ҚР экология кодексінің талаптарына сәйкес аккредиттелген зертхана – «РеактивСнаб» ЖШС кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы бақылау нүктелерінде экологиялық мониторинг жүргізеді және алынған мәліметтерді Шымкент қаласының экология департаментіне жібереді. Сондай-ақ, қадағалаушы орган кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы ауа ортасының сапасын тексеру бойынша жоспардан тыс бақылап тұрады. Зауыт Экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған емес және рұқсат етілген шығарындылар мөлшерлерін асырған емес.  

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz