«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 01 маусымдағы №11/2 хаттамасымен бекітілген «ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жария ету қағидаларына сәйкес Қоғам акционерлерінің назарына жеткізіледі.
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда:
- Қоғам мен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС арасында (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 244а үй мекенжайында орналасқан ғимараттың бесінші және алтыншы қабаттарындағы бөлмелердің бір бөлігін) жалға алу шартын жасасу туралы шешім қабылдады.
«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 124/2 шешімімен мақұлданды.