/**/

«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

2018 ж. 17 сәуірдегі № 110/5 шешім.


1. Қоғамның 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде аудиттелген, Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2018 ж. 16 cәуірдегі  № 110/4 шешімімен бекітілген қаржылық есептілігі осы шешімге қоса тіркелетін 1-ші қосымшаға сәйкес назарға алынсын.

 
2. 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның таза табысын бөлу тәртібі осы шешімге қоса тіркелетін 2-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.


3. 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның акцияларына дивидендтер есептелініп, төленсін:

 
3.1. 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның 89,500,000.00 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акциясына бір акцияға шаққанда 250.00 (екі жүз елу) теңге мөлшерінде жалпы сомасы  22,375,000,000 (жиырма екі миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп, төленсін;


3.2. Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның 10,500,000.00 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акциясына бір артықшылықты акцияға шаққанда 240.00 (екі жүз қырық) теңге мөлшерінде жалпы сомасы  2,520,000,0000 (екі миллиард бес жүз жиырма миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелсін;


3.3. 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның  артықшылықты және жай акцияларына дивидендтерді төлеу 2018 жылдың 14 мамырынан басталсын;

 
3.4. дивидендтерді алу құқығына ие Қоғам акционерлерінің тізімі 2018 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша жасалсын;

 
3.5. дивидендтерді төлеу таза табыстың есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін.


3.6. Заңның 23.2-бабының талабына сәйкес Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім шешімнің қабылданған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде  “Казахстанская правда” газетінде жариялансын;


3.7. Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдындағы 5 жұмыс күні ішінде “Казахстанская правда” газетінде жариялансын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz