/**/

«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

2018 ж. 16 сәуірдегі № 110/4 шешім.


1. Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2018 жылғы  16 сәуірдегі № 10/3 хаттама.


2. Қоғамның 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы аудиттелген қаржылық есептілігі осы шешімнің 1-қосымшасына және Заңның 76.4-бабының талабына сәйкес бекітілсін, “Казахстанская правда” газетінде жариялансын.


3. Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі 2017 жылғы түпкілікті дивидендті бекіту мәселесі неғұрлым кейінірек мерзімге қалдырылсын.


4. Қоғам акционерлерінің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының 2017 жылғы әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдарының жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.


5. Қоғамның 2018 жылғы аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйым ретінде 2006 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген №0000021 мемлекеттік лицензиясы бар «КПМГ Аудит» ЖШС белгіленсін.


6. Қоғамның директорлар Кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне 2017 жылға сыйақылар төленбесін.


7. Қоғамның 3 адамнан құралған санақ комиссиясы Қоғам акционерлерінің келесі жылдық жалпы жиналысында санақ комиссиясы сайланғанға дейін 1 (бір) жылға өкілеттік мерзімімен мына құрамда сайлансын:


1) Москвин Анатолий Михайлович мырза;
2) Распопина Ирина Викторовна ханым;
3) Чернова Наталья Николаевна ханым.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz