«ПҚҚР» АҚ-да 2019-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
28 маусым күні «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мен мүдделерін кәсіподақ комитеті білдіретін оның қызметкерлері арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған Жаңа ұжымдық шартқа қол қою рәсімі болып өтті.
Құжаттың басты ерекшелігі – еңбек адамы үшін қажетті болып табылатын барлық әлеуметтік кепілдіктерді сақтап қалу.
Қол қою рәсіміне компания басшылығы мен цехтық комитеттердің төрағалары қатысты. Сондай-ақ аталған іс-шараға «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Т. Айдынов, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Төрағасының орынбасары М. Бәйімбетов және «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» Қызылорда филиалының төрағасы А. Ысқақов шақырылды.
«Бүгін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы үшін ерекше күн болды. Біздер ұжымдық шартқа қол қойып отырмыз. Ұжымдық шарттың жаңа редакциясын жасау жұмысы жыл басынан бері бүгінге дейін жалғасып келді, осы аралықта компанияның қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргізілді. Біз тұтас алып қарағанда көптеген мұнай компанияларына әсерін тигізген қазіргі қаржылық және өндірістік дағдарыстың келеңсіз ықпалын еңсере білдік, дегенмен де мұнай өндіру деңгейінің түсіп кетуімен және кеніштердің сулануымен байланысты болып келетін мәселелер, өндірістік шығындарды үнемдеу мәселелері әлі де өзекті күйінде қалуда. Кездесіп отырған қиындықтарға қарамастан жаңа шартты әзірлеу бойынша жұмыста алға қойылған бірінші кезектегі міндет осы уақытқа дейін қолданылып келген құжатта қуатталып-бекітілген жағдайларды нашарлатып алуға жол бермеу еді. Жаңа ұжымдық шарт компанияда қазір бар болып отырған, осының алдындағы ұжымдық шартта қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді сақтап қалды, тіпті кейбір жағдайларды одан сайын жақсарта түсті»,- деп атап өтті «ПҚҚР» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Чжао Сяомин мырза.
Жаңа ұжымдық шарттың мәтінінің астына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Чжао Сяомин мырза мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Кәсіподақ комитетінің Төрайымы Бақыт Мұқашева ханым қолдарын қойды.
Осы орайда жылы лебізге толы құттықтауларды шақырылған меймандар да білдіріп жатты. «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» төрағасының орынбасары Т. Айдынов өзара тығыз ынтымақтастық рухындағы жүргізген қарым-қатынастары үшін компания басшылығына алғыс айтып, «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы Чжао Сяомин мырза мен күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Болат Көшербаев мырзаға алғыс хаттарды табыс етті.
Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Суфия Даминова мен байланыс бөлімі (телекоммуникациялар) цехтық комитетінің төрайымы, аға әкімші Ботагөз Аймағамбетова алғыспен аталып өтілді.
Тараптар жаңа ұжымдық шартқа сәтті түрдегі қол қою рәсімімен бірін-бірі құттықтап, шарттың барлық тармақтарының бұрнағы жылдардағыдай бұдан былай да толық көлемінде орындала беретіндігіне сенім білдірді. Ұжымдық шарт 2019 жылдың 28 маусымынан бастап күшіне енді.
Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі