/**/

«ПҚҚР» АҚ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ РЕЙТИНГІСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҮШТІГІНДЕ

«ПҚҚР» АҚ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ РЕЙТИНГІСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҮШТІГІНДЕ

Компания басшылығы атынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ұжымын құрметті наградамен – мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі рейтингісіндегі жүлделі ІІІ орынмен құттықтаймыз!

2018 жылы 22 ақпан күні Астан қаласында Министрліктер үйі ғимаратында Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің алғашқы жыл сайынғы рейтингісі қорытындысының таныстырылымы болып өтті. Рейтинг Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Ресейдің дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP-СА) серіктесі «КРЕОН» тобы тарапынан ұйымдастырылып отыр.

Мұнай мен табиғи газ өндіру көлемі бойынша көшбасшы саналатын 16 мұнай-газ компаниясы қатысқан рейтингке Қазақстан бірінші рет қатысып отыр. Алғашқы рейтингке қатысушы компаниялар мыналар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.”, “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай», «Бозащыи Оперейтинг Лтд.» компаниясы, «САУСТ-ОЙЛ» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Жайықмұнай» ЖШС, «Маерск ойл Қазақстан ГмбХ».

Негізгі ойыншыларға экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер және ақпаратты жария ету / ашықтық критерийлері бойынша салыстыру жасалды.

2017 жылдың рейтингісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көш бастап тұр, екінші орынға «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» көтерілді, үшінші орынды «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ («ПетроҚазақстан Инк» компаниясының өндіруші бөлімшесі) еншіледі.

Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі рейтингісінің іске қосылуы бүгінгі таңда маңызды рөл атқарады, өйткені бұл көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау және өңдеу кезіндегі экологиялық қауіп-қатерлерді басқару сапасын арттыруға, сонымен бірге, қоршаған ортаға келесіз әсерлерді азайтуға септігін тигізеді. Тікелей табиғат қорғаудағы тиімділігінен бөлек, рейтинг компанияның ашықтығын арттыруға және барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті дамытуға айтарлықтай түрткі болмақ.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz