/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат

2018 жылғы 26 қарашадағы № 116/2 шешім.

1. Қоғамның уәкілетті өкілінің Қоғамның атынан “ҚГМ” БК” ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі – “Жиналыс”) дауыс беруіне негіз болатын шешімдер бекітілсін:

1.1. ҚГМ БК басқарма төрағасы (бас директоры) болып Мустафаев Мурат Кенесбаевич мырза (“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ өкілі – бұдан әрі ҚМГ ҰК) 2018 жылғы 27 қарашадан бастап 2021 жылғы 05 маусымды қоса алғанға дейінгі мерзімге сайлансын;

1.2. ҚГМ БК басқарма төрағасы (бас директоры) Мустафаев Мурат Кенесбаевич мырзаның лауазымдық айлықақысының мөлшері еңбек шартының жобасына сәйкес белгіленсін;

1.3. ҚМГ ҰК басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Исказиев Курмангазы Орынгазиевич мырза және Қоғамның басқарма төрағасы У Линьган мырза ҚГМ БК басқарма төрағасы (бас директоры) Мустафаев Мурат Кенесбаевич мырзамен жасалған еңбек шартына жұмыс берушінің атынан қол қойсын және осы шешімнен туындайтын өзге қажетті шараларды қолдансын;

1.4. ҚГМ БК қатысушыларының 2018 жылғы 30 мамырдағы кезектен тыс жалпы жиналысының №2018-02 сырттай шешімімен бұрын сайланған ҚГМ БК басқарма төрағасы (бас директоры) Қайржан Есен мырзаның (ҚМГ ҰК өкілінің) өкілеттіктері осы шешімнің 1.1-тармағында көрсетілген күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын;

1.5. ҚМГ ҰК басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Исказиев Курмангазы Орынгазиевич мырза және Қоғамның басқарма төрағасы У Линьган мырза осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

2. Қоғамның уәкілетті өкіліне қабылданған шешімге сәйкес алдағы уақытта бетпе-бет немесе сырттай нысанда өткізілетін Жиналыста дауыс беру тапсырылсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz