«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 01 маусымдағы №11/2 хаттамасымен бекітілген «ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жария ету қағидаларына сәйкес Қоғам акционерлерінің назарына жеткізіледі.
«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:
2019 ж. 17 мамырдағы № 121/2 шешім
1. Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін барлық акциялары иесінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 101/5, 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 110/11, 2019 жылғы 11 ақпандағы № 118/5 және 2019 жылғы 14 ақпандағы № 118/6 шешімдерімен тағайындалған Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қоғамның төмендегі құрамдағы 3 адамнан тұратын директорлар кеңесі 2019 жылғы 31 мамырдан бастап 2 (екі) жылға сайлансын:
- Фан Цзячжун мырза – «ПҚИ» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы (акционер – «ПҚИ» компаниясының өкілі);
- Чжао Сяомин мырза – Қоғамның басқарма төрағасы (акционер – «ПҚИ» компаниясының өкілі);
- Тон Сяогуан мырза – тәуелсіз директор.