2017 ж. 21 маусымдағы № 102/1 шешім.
1. Қоғамның уәкілетті өкілінің “Қазгермұнай” бірлескен кәсіпорны” ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі «Жиналыс) дауыс беруіне негіз болатын шешімдер бекітілсін:
“ҚГМ” БК-ның 2016 жылғы 51,090,000 (елу бір миллион тоқсан мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі бөлінбеген таза табысы, сондай-ақ “ҚГМ” БК-ның өткен жылдардағы 198,910,000 (бір жүз тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз он мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі бөлінбеген таза табысының бір бөлігі, жиынтық сомасы 250,000,000 (екі жүз елу миллион) АҚШ доллары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасалатын күнгі бағамы бойынша теңгемен бөлінсін, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру” АҚ – 125,000,000 (бір жүз жиырма бес миллион) АҚШ доллары және Қоғам – 125,000,000 (бір жүз жиырма бес миллион) АҚШ доллары.
2. Қоғамның уәкілетті өкіліне қабылданған шешімге сәйкес алдағы уақытта көзбе-көз және сырттай нысанда өткізілетін жиналыста дауыс беру тапсырылсын.